Қаланың жасыл желегінің аумағы кеңейеді

Oinet.kz 22-10-2022 328

image.png

Шымкент қаласын абаттандыру жыл бойы жалғаса береді. Бір күн де тоқтап қалуға болмайды. Өйткені қала тұрғындары жайлы жағдай жасау, қаланың экологиясын жақсарту өте маңызды. Өзектілігі жоғары.Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқарма мамандарының айтуынша  шаһардағы жасыл аймақтарды ұлғайту, саябақтар мен гүлзарлардың құрылысы, ирригациялық жүйелердің мәселелері күн тәртібінен түскен емес. Бұл үшін  2021-2025 жылдарға арналған жасыл аймақтарды ұлғайту жоспары бекітілген.  Жоспар бойынша ағымдағы  қаланың жасыл желегін   2250 га,  2023 жылы 3000, 2024 жылы 3200, 2025 жылы 4300 га жеткізу межеленіп отыр.  Басқарма мамандарының айтуынша, мемлекет мұқтаждығына қайтару бойынша қала әкімінің қаулылары шыққан жер телімінің аумағы – 4175 гектарды құрайды. Оның ішінде, бүгінде 1022 гектар жер телімі мемлекет мұқтаждығына қайтарылды. Аталған жерлерге ел игіліне жарайтын нысандар бой көтермек.  

Шымкент қаласында жасыл аймақ аумағына гледичие, шаған, бадам, қарағаш және жиде ағаштарын отырғызу жоспарлануда. Осылайша Шымкент қаласы жасыл-желекке бөленіп, Шымкент жасыл қалаға айналмақ. Бұл өз кезегінде қаланың экологиялық ахуалын түзетіп, атмосферасын жақсартады. 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы әзірленген болатын. Өз сөзінде Президент: «Тағы бір өзекті мәселе – экология саласы. Бұл – халықтың тұрмыс сапасына ықпал ететін өте маңызды сала. Сонымен қатар, менің тапсырмаммен 2 млрд түп ағаш отырғызылады. Бұл азаматтарымыздың тарапынан кең қолдау тапқан бастама болды. Жалпы, бұл мәселеге немқұрайлы қарауға болмайды. Қоршаған ортаға ешқандай оң әсері жоқ, қаражатты құр игеруді көздейтін жасанды шараларға жол бермеу қажет. Сондықтан ағаш отырғызуға лайықты орындарды анықтау үшін ғалымдармен және жұртшылықпен бірлесіп, кәсіби талдау жүргізген жөн. Қоғамдық бақылау құралы ретінде интерактивті карта дайындау қажет. Сол арқылы экология саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы мен тиімділігін қадағалауға болады. Үкіметке 2021-2025 жылдарға арналған «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырамын. Әсіресе, қоршаған ортаны қорғау ісіне қажетті барлық көрсеткіштерді цифрландыру – маңызды міндеттердің бірі»,- деп нақты тапсырмалар жүктеген болатын. 

Жылына 150 мың аяқ киім тігеді
«Бизнес бастау» жобасы арқылы кәсіп ашты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу