Бизнес идеясын жүзеге асырды

Oinet.kz 22-10-2022 416

image.png

Үшінші мегаполисте «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының ІІ бағыты шеңберінде жаппай кәсіпкерлікті дамыту ісі сәтті жүзеге асырылуда. Бұл кәсіппен айналысамын деген жергілікті тұрғындар үшін үлкен мүмкіндік.

Былтырғы жылы, аталмыш мемлекеттік қолдаудың арқасында бизнес идеясын жүзеге  асырып, жаңадан кәсіп ашқандардың бірі  Жанна Беркімбаева.

- Былтыр «Атамекен» палатасы жанындағы «Бизнес бастау» курсына қатыстым. Қолыма сертификат алған соң, мемлекеттік грантқа құжат тапсырдым. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өз ісімізді бастадық. Қазіргі таңда косметология кабинетінде бет тазарту, қасты түзету, бояу және т.б. бағыттар бойынша қызметтер көрсетемін - дейді кәсіпкер.

Шымкент қаласының тұрғыны  «косметология» бағыты бойынша комиссияға өз бизнес-жоспарын ұсынған. Нәтижесінде  жобасы мақұлданып,  200 АЕК (555 650 теңге) көлемінде грантқа қол жеткізген.

Кәсіпкерлікке баулитын «Бизнес бастау» жобасы «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Ал «Еңбек» бағдарламасы жұмыссыздықты азайту және монополист компанияларға бәсекелестік тудырып, нарықтағы бағаларды төмендету және кәсіпкерлікті дамыту мақсатында ұйымдастырылған. «Бизнес Бастау» жобасы нақты жұмыссыздарға және кәсіпкерлікті енді бастаған жандарға арналған. Қатысушы оқу барысында жоба дайындап, қорғап шықса қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар. Бөлініп жатқан қаражат – кәсіп бастауға берілетін мүмкіндік. Жобаға қатысқан әр қатысушы осы мүмкіндікті пайдаланып, әрекет етіп, кәсіпті дамытуға тырысу керек. 

Жобаға нақты жұмыссыз жүрген азаматтар қатыса алады. Жас ерекшелігіне шектеу жоқ. Бюджеттік салада қызмет ететін мамандар бұл жобаға қатыса алмайды. Ал мына азаматтар қатыса алады:

- ауылдық жер, қалалар, сондай-ақ моно және шағын қалалардың  тұрғындары;

- мүмкіңдігі шектеулі жандар, егер медициналық қорытындыға сәйкес, олардың денсаулығы еңбек міндеттерін орындауға кедергі жасамаса немесе денсаулығына және (немесе) басқа адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе;

- зейнет демалысына дейінгі 50 жастан асқан адамдар;

- жастар, соның ішінде NEET (жұмыс істемейтін, оқу оқымайтын) санатындағы қыз-жігіттер;

- аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері;

- қоныс аударғандар мен қандастар;

- кәсіпті жаңадан бастаушылар (3 жылға дейін) және белсенді кәсіпкерлер.

Оқу оқып, кәсіп ашты
«Бастаумен» басталған бизнес
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу