Өнімінің 90 пайызы экспортқа шығады

Oinet.kz 16-10-2022 224

image.png

Шымкент қаласында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы аясында жеңіл өнеркәсіп саласы айтарлықтай дамып келеді. Көптеген кәсіпорындар бағдарламалардың шеңберінде қанаттанып, бүгінде өндірісін жүргізіп отыр. Сондай нысанның бірі- «АГФ Групп» ЖК.  Қазақстандағы ең ірі үй текстилін өндіретін компания өнімінің 90 пайызын экспортқа шығарады.

Компания тігін саласында 7 жылдан бері бағын сынап келеді. Бастапқы кезден шығаратын өнімі - жәй бүркемелік тордан тігілген мектеп формасы еді. 2015 жылы шведтік IКЕА компаниясымен ресейлік дүкендерге төсек-орын жабдығын тасымалдау келісімшартына отырғаннан кейін өндіріс көлемі одан сайын ұлғайды. Бүгінде «АГФ Групп» ЖК – елімізде әлемдік брендпен тігін тауарын шығаратын жалғыз компания. Шымкент қаласының географиялық жағдайы «АГФ Групп»-қа Қытай, Үндістан, Пәкістан мен Түркиядан, сондай-ақ Ресейден шикізат тасымалдауға жақсы мүмкіндік.

–Біз сыдырма ілгектерді қолданбаймыз, себебі кір машинасында олар «ұшып» кетеді. Түйме қадамаймыз – олар сынып қалады. Олардың орнына IКЕА стандарттарына сай келетін фурнитуралық батырмаларды пайдаланамыз. Ал матаны Қытай, Пәкістан, Түркиядан алдырамыз. Келешекте Үндістаннан әкелуді жоспарлап отырмыз. Өзіміздің немесе көрші орыс пен өзбектің матасын төсек-орын жабдығын тігуге қолдана алмаймыз. Себебі – ол енсіз әрі жіңішке болып келеді. Біз ыңғайлы төсек-орын жабдығын тігеміз, оны матрастың төрт жағынан да қаптауға болады. Біздің матамыз отқа салсаң, жанбайды, түйіршіктеліп, оңып кетпейді, - дейді Ф.Насыров.

Компания күн санап қарыштап дамуда. Олар 2013 жылы бірінші рет ресейлік мектеп формасын тігіп беріп, экспортқа шықты. Дәл қазіргі кезеңде кәсіпорынды экспортқа әбден бейімделген. 

Компанияның отандық тұтынушыларға да ұсынатыны жетерлік. Қазақстан мен Ресей нарығы үшін кәсіпорын Еуразиялық банктің қолдауымен ARUA және SUAVE атты жеке төсек-орын жабдығының бренді пайда болды. Олар 100% экологиялық таза мақтадан жасалады.

2017 жылдан бастап компания бөлшек сауда бағытын дамытып келеді. Шымкент қаласының ірі сауда желілерінде фирмалық дүкендері бар.

Фабриканың кірісі 2-7 % құрайды.

2018 жылы «Жыл кәсіпкері атанған Г.Насырова «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша несие алып,  кәсіптерін одан әрі гүлдендірген.

81 жоба қолдау тапты
Түйме өндірісін қолға алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу