81 жоба қолдау тапты

Oinet.kz 16-10-2022 239

image.png

Шымкент қаласында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылға 3,9 миллиард теңге бөлінген. Оның ішінде 3,7 миллиард теңгесі республикалық бюджеттен, ал 0,2 миллиард теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Бүгінгі таңда 81  жобаға 3,5 миллиард теңгеге қолдау көрсетілді дейді сала мамандары. Оның ішінде: банк несиелері бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға 77 жобаға 3,2 миллиард теңге; банк несиелері бойынша ішінара кепілдендіруге  4 жобаға  300 миллион теңге.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының қажеттілігі, әсіресе,  індет кезеңінде айқындала түсті. Тұралап немесе жабылып қалған кәсіпорындарға 15 пайызбен несие беріп, оның 9 пайызы «Даму» қоры арқылы субсидияланды. Ал, агроөнеркәсіптік кешенде несие үстемеақысының 10 пайызы ауыл шаруашылығы басқармасы арқылы субсидияланады. Сонда іс жүзінде кәсіпкерлер несиені 5-6 пайызбен өтейді. Субсидиялау мерзімі инвестициялар үшін 7 жыл және айналым қаражатын толықтыруға — 3 жыл. Бұл – бизнес иелері үшін өте оңтайлы ұсыныс.

Қарапайым заттар дегенді қарабайырлап түсіндірсек, бұл – күнделікті қолданатын тауарлар мен қызметтер. Олардың қатарында тоқыма өнімдері мен жиһаз, азық-түлік өндірісі және басқа да тауарлар бар. Аталған бағытты дамытудың қажеттігі туралы Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев «Cындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты халыққа арнаған Жолдауында атап өткен болатын.

Бұл бағдарламаға шағын және орта бизнес субъектілері де, ірі бизнес өкілдері де қатыса алады. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. 

2025 жылға қарай «қарапайым заттар экономикасы» аясында 16 мың тұрақты жұмыс орнын құрып, бюджетке салық түсімдерін 1,1, триллион теңгеге дейін жеткізу көзделіп отыр. Сол арқылы өндіріс көлемі артып, импорт үлесі 37 пайызға қысқарады деп күтілуде.

«Navruz Plastic – ShR». Сатудан өндіруге дейін
Өнімінің 90 пайызы экспортқа шығады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу