«Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды

Oinet.kz 16-10-2022 266

image.png

Шымкент қаласындағы отбасыларды әлеуметтік қолдау жүйесімен тікелей айналысатын бірегей мекеме - «Бақытты жанұя» орталығы жалпы 20 бағыт бойынша қызмет алушыларға көмек көрсетсе, биыл жыл басынан қысқа мерзімді тегін оқу курстарынан 550-ден аса ана өткен. 

Табыс тауып, кәсібін игеруге қолдау көрсету үшін арнайы тігіншілік, кондитерлік, компьютерлік сауаттылыққа үйрету, шаштараз, SMM, балаларға арналған массаж, маникюр-педикюр, дефектолог-логопед курстары ұйымастырылған. Кәсіптік тегін оқу курсынан өткен азамтшалар арасында кәсіптің қыр-сырлары туралы ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Нәтижесінде, «Бизнес бастау» мемлекеттік бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды. Бүгінде кәсібін ашқан азаматшаларға құқықтық көмектер көрсетілуде. 

Орталық мұнан өзге, психологиялық, медиаторлық, құқықтық кеңес беру, aleumet.egov.kz сайты арқылы азық-түлік себеттеріне тіркелу, атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру және тұрғын үй мәселесі бойынша kezekte.kz порталына тіркелу қызметтерін көрсетіп келеді. 

Сонымен қатар, «Бақытты жанұя» орталығы» КММ мен «Отбасы банк» АҚ-мен арасында түзілген әріптестік меморандум аясында орталықтың ғимаратында банктің мамандарының арнайы бөлмесі жасақталып, 1 119 аналарға тұрғын үй мәселесі бойынша ақпараттық қызмет көрсетілді. Соның нәтижесінде 4 ана «Бақытты отбасы» бағдарламасы арқылы баспаналы болған. 

Қазіргі таңда, «Бақытты жанұя» орталығының тиімді жұмыс тәжірбиесін үйрену мақсатында, Республикамыздың өзге аймақтарынан басшылары мен жауапты қызметкерлері келіп (Астана, Қарағанды облысы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Батыс Қазақстан облысы және т.б.) жұмыс барысымен танысып тәжрибе алмасты. Сондай-ақ, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер ісі және отбасылық – демография саясаты ұлттық комиссиясының мүшелері, ҚХА жанындағы республикалық Аналар кеңесінің төрайымы, ҚР Премьер-министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры басшысының орынбасары, Әлем қазақтары ұйымының мүшесі, Қазақ аналары «Дәстүрге жол» қоғамдық бірлестігінің мүшелері орталықтың жұмысымен танысты.

Шымкенттің «жасыл белдеуі» ұлғаяды
Адал бизнеске кедергі жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу