Шымкенттің «жасыл белдеуі» ұлғаяды

Oinet.kz 20-10-2022 320

image.png

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  Жолдауында ел аумағында алдағы 5 жылда орманды алқаптарда 2 миллиард, ал елдімекендерде 15 миллион көшет егуді, «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуде тапсырғаны белгілі. Осыған орай Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынбақ. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. Бұған қоса 8 негізгі саябақ пен 39 гүлзарды қайта құру қолға алынып, Қошқар ата өзенінің бойынша абаттандыру басталады.

Сала мамандарының айтуынша Шымкенттің жасыл белдеуін дамыту іс-шараларының жоспарына сәйкес  қаладағы ағаштарды электронды түрде санау жүйесін енгізу басталып, 2025 жылға дейін жасыл белдеу көлемін 21 544 га жеткізуді көзделген. Жалпы саны 6,5 миллион ағаш пен бұта егіледі.

Арнайы электронды бағдарлама қаладағы барлық ағаш пен бұтаны қамтып, олардың санын ғана емес, жасын, түрі мен қазіргі қалпын да есепке алады.

Осылайша алда атқарылар жұмыс ауқымды. Бес миллион талдың барлығын тек қала бюджеті арқылы егу салмақ болары сөзсіз. Мәселе тек қаржыда емес, тиісті сала жұмысшылары да қалада көп емес. Осы орайда жауапты мамандар жанашыр қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге үміт артып отыр. 

Қалада ағаштардың көптеп отырғызылғаны адамды қуантады. Дегенмен, оның көбі декоративті ағаштар. Халыққа экологиялық тиімділігі бар, ауаны тазартатын саялы ағаштар керек. Шымкентте жазғы шілдеде 50 градусқа дейін ыстық болады. Сондай кезде қала халқына көлеңке бермесе декоративті ағаштар тиімсіз. Сондықтан салаға жауаптылар тұрғындарға экологиялық жағдай жасау үшін саялы ағаштар, оның ішінде емен ағашын көбірек егеміз дейді.

Талды егу – бір бөлек те, оны күтіп-ұстау – өз алдына бір бөлек жұмыс. Сондықтан, қаланың гидрологиялық жүйесіне баса назар аударылмақ. Ал алдағы 3 жылда инвесторлардың көмегімен қаланың бірыңғай гидрологиялық жүйесі жаңғыртылмақ. Қалдық сулар мен жауын-шашын жиналатын арық-атызды тазарту мен реттеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда Шымкентте 36 канал мен 2 су қоймасы бар. Сонымен қоса Қошқар ата мен Қарасу өзендері, Жаңашек, Ақсай-Қарабастау, Тоғыс, Сасық, Ынтымақ каналдарының бойы тазартылмақ. Мұндағы мақсат – ирригациялық, суару жүйесі артық шығынсыз болуы тиіс. Яғни, мамандар арықпен суару жүйесіне қайта оралады.  

Атына заты сай қала
«Бизнес бастау» бағдарламасы аясында 12 ана грант иегері атанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу