Мемлекеттің қолдауын сезінді

Oinet.kz 04-10-2022 334

image.png

Кәсіпкер болуға әркімнің-ақ бар таласы. Ия қазіргі дамыған заманда көптеген адамдар бір жалақыға қарап отырмай өз ісін бастауды қалайды. Бұл мемлекет үшін де тиімді. Өйткені кәсіпкерлік саласы дамыса елдің экономикасы, әлеуметтік жағдай да арта  түсетіні анық. Сондықтан мемлекет  тарапынан қазіргі таңда кәсіпкерлікті дамытуға, бизнес ашуға үлкен қолдау білдіріп келеді. Осы салада  түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Айталық  «2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы». 

   Жобаның шарапатын көргендердің бірі  Шымкент қаласының тұрғыны Ұлжалғас Керімқұлова. Ұлжалғасқа өткен жылы желтоқсан айында 200 АЕК  мемлекеттік грант тағайындалған. Ол 29 жасқа дейінгі санат бойынша үміткер ретінде қатысып, тиісті құжаттарын өткізіп, комиссия мүшелерінің алдында бизнес жоспарын сәтті қорғаған. Алған қаражатына әсемдік салонына қажетті бірнеше құрал-жабдық сатып алып, бүгінде қыз-келіншектерге қызмет көрсетіп, табыс тауып отыр. «Аз ақшамен де кәсіп бастауға болады. Бастысы- ниет болу керек. Қазір осы кәсіптің арқасында аяққа нық тұрып келемін. Мұнымен тоқтап қалмай, кәсібімді дамытсам деймін», - дейді жас кәсіпкер. 

2022 жылы 1000-нан астам шымкенттікке мемлекеттік грант беру жоспарланса, өткен жылы 800-ге тарта азаматқа тағайындалып бүгінде олар кәсіптерін дөңгелетіп отыр. 

«2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасының»  мәні - қалайтындарға кәсіпкерлік негіздерді оқыту, содан кейін өз ісін бастауды қаржыландыру. Жобаға қатысушылар алдын-ала мамандандырылған оқудан немесе жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын арнайы оқу курстарда («Атамекен» палатасында) кәсіпкерлік негіздері бойынша оқудан өтуі қажет; оқу аяқтағаны туралы сертификат алғаннан кейін, қатысушылар болашақ қызметінің, кәсіп-жобасын қорғауға міндетті; өз кәсібін бастауға арналған бастапқы капитал ретінде, сәтті қорғалған адамдарға өтеусіз мемлекеттік грант беріледі; бір жыл ішінде жаңадан бастаған кәсіпкерді, аймақтық кәсіпкерлер палатасы қадағалап, кәсіптік-жобаны жүзеге асыруға көмектеседі.

Мемлекеттік грант - кәсіпті дамытуға арналған несие емес екенін, есте ұстаған жөн. Оны қайтарудың және пайыздарды төлеу қажет емес. Ақша бөлудің бірден-бір шарты – қаражатты, өз ісін ұйымдастыру мақсаттына пайдалану.

Фотостудия арманы еді
Хоббиін кәсіпке айналдырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу