Фотостудия арманы еді

Oinet.kz 04-10-2022 318

image.png

Көптеген адамдар өз бизнесін ашуды армандайды. Алайда, көпшілік үшін негізгі кедергі - бастапқы капиталдың жетіспеушілігі. Банктен алынған несиелерді пайдаланып бизнесті бастау - бұл екі еселенген тәуекел. Жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдау үшін, мемлекет «2021-2025 жылдарға арналған  кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын» іске қосты, оның аясында  өтеусіз грант алуға болады. Ұлттық жоба аясында бүгінде Шымкент қаласында көптеген тұрғындар өз арманын іске асырып, таңдаған кәсібін ашуда. Осы арқылы қаланың шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына ат салысуда. 

Осындай жанның бірі -  шымкенттік  Нүркен Әбдіқан. Оның жасы 26-да. Ол өткен жылы 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жас ретінде қалалық жұмыспен қамту орталығына тіркеліп, мемлекеттік грантқа тиісті құжаттарын өткізген. Арнайы комиссияның алдында бизнес жоспарын сәтті қорғап, желтоқсан айында 200 АЕК (583.000 теңге) грант тағайындалған. Тиісті қаражат есеп-шотына түсісімен фотостудиясына қажетті құрал-жабдықтар (фотоаппарат, принтер және т.б.) сатып алып кәсібін бастап кеткен. Бүгінде ол қала тұрғындарына фотоқызметтер көрсетіп табыс тауып отыр. Нүркен бала кезіннен фотоаппаратқа қызыққан. Әр кадрды мүлт жібермей, сәтті сурет түсіру оның қолынан келеді. Әуестігіне қаражаттың қолбайлау болған анық.  Енді міне, бала күнгі арманы жүзеге асып, өзінің жеке студиясын ашып отыр.  Бастама жақсы, тапсырыс берушілер көбейіп келеді деген ол фотоларды заманауи үлгіде  сәндеуді де үйренген. Кәсіпкер ең бастысы өзіңе сену керек және еңбек ету керек дейді. Ол жас кәсіпкерлерге осындай қолдау көрсетіп отырған ұлттық жоба жетекшілеріне алғысын білдірді. 

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қаражаты - қажетті еңбек құралдарын, технологиялық жабдықтарды, жануарларды, малды, құстарды сатып алу үшін нысаналы мақсатта пайдаланылады.  Гранттар - тұтынушылық мақсаттарға, кредит қарыздарын өтеуге, жылжымайтын тұрғын үй сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, акцизделетін өнімдердің өндірісіне және жалдау ақысы ретінде берілмейді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Ағымдағы жылы Шымкент қаласы бойынша барлығы 1150 азаматқа мемлекеттік грант тағайындау жоспарланған. 

Істің көзін тапқан Айнұр
Мемлекеттің қолдауын сезінді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу