Болашақ кәсіпкерлер жобаларын қорғап шықты

Oinet.kz 03-10-2022 784

image.png

Үшінші мегаполисте  29 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберіндегі 400 АЕК көлеміндегі (1 225 200 тг дейін) қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталған болатын. Жақында  қайтарымсыз грант берудің, үшінші легінің комиссиясы өз жұмысын бастады. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыратын үміткерлер  арнайы комиссия құрамының алдында өз жобаларын қорғап шығуы тиіс. Алғашқы күні комиссия отырысына  134 азамат келді. 2019, 2020, 2021 жылдары “Атамекен” палатасының “Бастау бизнес” жобасы бойынша оқып, сертификат алған азаматтар 15 күн ішінде busines.enbek.kz порталы арқылы  құжаттарын онлайн тапсырған.  Олар кәсіпкерліктің түрлі бағыттары бойынша бизнес-жобаларын таныстырды.

Комиссия мүшелері жобаны бағалауда бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігіне, үміткердің кәсіпкерлік дағдыларын меңгеру деңгейіне, бизнес-жобаның қаржылық мүмкіншілігіне, жаңа жұмыс орындарын құру сынды критерийлерге басымдық беруде.  Қайтарымсыз грантқа бөлінген қаржы – шикізат пен материалдарды, техникаларды сатып алуға байланысты шығындарға пайдалынылады. Ал, жалпы жыл соңына дейін 1150 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант беру жоспарланған.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады:

- тіркелген жұмыссыздар;

- 29 жасқа толмаған, 3 жылдан кем дара кәсіпкер ретінде тіркелген немесе бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер; 

Бұл ретте үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болу керек:

~еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар адамдар;

~қолданыстағы «қандас» мәртебесі бар адамдар;

~өңіраралық қоныс аударушылар

~атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы отбасыларға және (немесе) оның жұбайына  төленетін жәрдемақы алушылар;

~мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған адам;

~асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар;

Үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс.

Айта кетейік, былтыр 700-ден астам шаһар тұрғындары  көлемі 200 АЕК грантқа ие болған. 

Дендросаябақ - қаланың өкпесі
Медицина - инвесторларды қызықтырып келеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу