«Silkway Alliance» өндірістік паркінде 8 жоба орналастырылған

Oinet.kz 11-12-2021 8508

Screenshot_9.jpg

Бүгін Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды.

Қала басшысын өндірістік парктің жұмысымен таныстырған  қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Б.Дүйсебеков жобаның  бірінші кезеңінде 15 резидентті орналастыру жоспарланғанын, бүгінде 69 жұмыс орнын құрумен 8 жоба орналастырылғанын мәлім етті. Жобаның екінші кезеңінің құрылысы 2022 жылы аяқталатын болады. 

«Іскер қала» бағдарламасы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған.  Бағдарлама 3 бағыттан тұрады. Бірінші бағыт — өндіріс саласы бойынша қалада тоқтап тұрған немесе бос тұрған ғимараттардың ішінде өндірістік парктер құру. Екінші бағыты – ауылшаруашылық кооперативін құру арқылы якорлы кәсіпорындарды тиісті өніммен қамтамасыз ету. Үшінші бағыт – 1000 сауда нүктесі.

Жалпы, осы «Іскер қала» бағдарламасының іске асырылуы арқылы 3 жылда 13,3 млрд.тг. инвестиция тартуға, 2,8 мың жаңа жұмыс орнын құруға, 1 мыңнан астам жаңа кәсіпорындарды ашылуы межеленген. Нәтижесінде бюджетке жылына 103 млн.тг. салық түсуі күтілуде.

​Шымкентте шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін өндірістік парк ашылды
2022 жылы үй бағасы тағы 10-15% қымбаттайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу