​Шымкентте шағын бизнесті дамытуға мүмкіндік беретін өндірістік парк ашылды

Oinet.kz 11-12-2021 8461

Screenshot_8.jpg

Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Шымкент қаласындағы «Тассай» индустриялық аймағының жанынан «Silkway Alliance» өндірістік паркі іске қосылды.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған өндірістік парк «Іскер қала» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылған пилоттық жоба екенін атап өтті. 

 «Мұндағы барлық инженерлік инфрақұрылыммен қамтылған дайын өндірістік алаңдар кәсіпкерлерге ұсынылатын болады. Парктің жалпы алаңы 4,4 га құрайды. Оның 3 мыңға жуық текше метрі өндірістік алаңдар үшін, ал, 1 мыңнан астам текше метрі кеңсе алаңы үшін жалға беріледі»,-деді қала басшысы. 

Мұрат Әйтенов қалада шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бұдан өзге мемлекеттік бағдарламалардың да сәтті жүзеге асып келетінін жеткізді. 

«Мемлекет басшысы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін 1 жылға ұзарту жөнінде шешім қабылдады. Бұл кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Қалада бүгінде аталған мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 2 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, «Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін 10 млн. теңгеге дейін 1%-дық 6 шағын несиелер беру қарастырылған. Бұдан бөлек, кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы жұмыс істейді.  Ал, осы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылды. Бұл жұмыстардың барлығы кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында жасалып отыр»,-деді әкім.

​Шымкентте жылына 3 млн. дана картон қағазын шығаратын зауыт іске қосылды
«Silkway Alliance» өндірістік паркінде 8 жоба орналастырылған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу