«Ескі қалашық» - ТОП-50 туристік нысандар тізімінде

Oinet.kz 05-11-2021 441

Screenshot_1.jpg

Биыл ТМД елдерінің мәдени астанасы атанып отырған Шымкент  көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанда өзінің тарихи орнын сақтап қалған бірден-бір ірі қала болып есептеледі. Қаланың сан ғасырлық тарихы жатқан «Ескі қалашыққа» соңғы кездері қызығушылық артып келеді. Болшақта бұл жер туристердің орталығына айналады. Осы бағытта көптеген жобалар бар. «Ескі қалашық» «ҚР туристік саланы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясындағы туристендіру картасының ТОП-50 нысанының тізіміне енгізілген.

Шымкент қалалық туризм басқармасы мамандарының айтуынша, болашақта «Ескі қалашық» Тәуелсіздік саябағы, Ордабасы алаңы, Қошқар ата өзені секілді жақын орналасқан нысандармен бірлесе тартымды туристік дестинация ретінде қалыптасатын болады. Қазіргі таңда «Ескі қалашықтың» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Онда амфитеатр, ежелгі мұражай мен галереялар бой көтеріп, қаланың көркіне айналады деп күтілуде. Туристер толастамайтын Ежелгі Римнің Колизейі секілді танымалдығын арттыру мақсатында біршама шаруалар атқарылуда. Қазіргі таңда салалық басқармамен нысан және жалпы кешен бойынша туристік маршрут әзірленуде.

Қала әкімі экономикаға серпін беретін жаңа өндіріс жобаларымен танысты
Шымкенттің 2200 жылдық тарихы бар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу