Инвестиция экономиканы дамытудың бағдармашы

Oinet.kz 07-09-2021 696

Screenshot_1.jpg

Шымкентте инвестиция ең көп тартылатын сала – құрылыс саласы. Ел егемендігін алғалы Шымкентте 98 мектеп, 470 балабақша салынған. Ал әлеуметтік маңызы жоғары 6 мемлекеттік, 21 жекеменшік аурухананың да соңғы жылдардың жемісі ретінде аталуы көңілге қуаныш ұялатады. Бүгінге дейін 6 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілген.

Қазір Шымкентті сәулетті, қарқынды дамып келе жатқан мегаполис ретінде тану қиын емес. Бұл орайда экономика көрсеткіштерінің бірі – негізгі капиталға бағытталған инвестициялардың көбейгені, нақты көлем индексінің 2020 жылдың қорытындысымен 141 пайызға жетуі дейді мамандар.

– 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын инвестициялық 157 жобаның базасы жасақталған. Шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы құны 12,6 млрд. теңгені құрайтын, 300 жаңа жұмыс орнымен 5 жоба жүзеге асырылды, - дейді қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев.

Инвестициялық белсенділік соңғы 30 жылда Шымкентті адам танымастай өзгертті. Статистикалық мәліметтер ел егемендігін алғаннан бері қалаға 2,5 трлн. теңге инвестиция тартылса, шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 2,3 млрд АҚШ долларын құрайтын 17 жоба жүзеге асқанын көрсетіп отыр.

«Ақылды қалада» ақылды аялдамалар көбейеді
Шымкентте 2 агро-индустриалды аймақ бой көтереді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу