«Ақылды қалада» ақылды аялдамалар көбейеді

Oinet.kz 07-09-2021 631

Screenshot_7.jpg

Шымкентте жүзеге асырылып жатқан «Ақылды қала» тың жобасы-инноваиялық жаңа жобалардың бірегейі. Былайғы жұрт елей бермейтін, автобустардағы «Төлем» жүйесі де дәл осы «Ақылды қаланың» бір тарауы.

Ел экономикасын цифрландыру мәселесінде Мемлекет басшысы өңір әкімдеріне нақты тапсырмалар берген-ді. Олай болса «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі міндеттерінен Шымкентте нәтиже шығуда.

«Төлемнен» бөлек бүгінде Шымкентте «Ақылды аялдама» жобасы жүзеге асуда.

– «Ақылды аялдама» жобасын жүзеге асыру үшін алдымен пилоттық режимінде IDC компаниясымен бірлесе қаладағы Теріскей (Север) аялдамасына алғашқылардың бірі болып орнатылды. Аялдаманын сыртында LED экран орнатылып, кез келген жарнаманы немесе қоғамдық көліктердің қозғалысын жария етуге болады. Сонымен қатар қыс мезгілінде аялдама ішінде температура 20 градустан жоғары болса, жаз мезгілінде ауаны салқындатуға мүмкіндік береді, - дейді Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Әсет Әбдіраханов.

Айта кету керек «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағларламасының негізгі мақсаты қазақстандықтардың тұрмысын жеңілдету, өмір сүру ортасын қолайлы ету. Бұл орайда түрлы инновациялық жобалар жасалуда.

Әрине, көпшілігі инвесторлар есебінен жүзеге асатынын белгілі. Дегенмен, шымкенттіктерге жайлы орта қалыптастыруда осындай инвестииялық жобаларды жүзеге асыруда қала әкімі М. Әйтеновтың іскерлігін атап өткен жөн. Қалалық цифрландыру

басқармасы мамандарының айтуынша Шымкентте уақыт өте келе «Ақылды аула», «Ақылды үй» жобалары өз жемісін берер күн алыс емес. Игілігін тұрғындар көретін мұндай жобалардың өміршең болуына халықтың қала мәдениетін меңгеруі де көп көмегін бермек. Әйтпесе, ел игілігі үшін жасалынған дүниені аяусыз сындырып, бүлдіріп кететіндер де табылмай қалмайды.

Сондықтан да мамандар өз қаламыздың шын жанашыры болайық дейді.

Циркте иппотерапия жүргізіледі
Инвестиция экономиканы дамытудың бағдармашы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу