Мал бордақылау алаңдарында 30 жаңа жұмыс орны құрылды

Oinet.kz 22-08-2021 476

Screenshot_15.jpg

Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Мегаполис орталығында ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қолайлы болмаса да, қала аумағында еттік-сүттік мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығының тұрақты дамуына мүмкіндік берілген. Шымкент қаласының табиғаты ауыл шаруашылығы саласымен айналысуға өте тиімді. Мұнда күннің ыстық болуына байланысты ыстықты талап ететін дәнді дақылдар, өсімдіктер мен жеміс-жидек ағаштарын егіп, өнім алуға болады. Сонымен қатар қала маңында малға азық болар жем-шөп өнімдерін де дайындау тәжірибеде бар. Сондықтан да ауыл шаруашылығы саласы қаланың ажырамас бір бөлігі десек болады. Аталған қала қала бюджетінің қампаюына өз үлесін қосуда. 

Ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстарды жүргізу мен мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өскен. Мәселен, 7 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 3 пайызға артқан. Өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемі 3,2% - ға, оның ішінде тірі салмақтағы ет 3,2% - ға және сүт 2,6% - ға арту есебінен болған.

Ет өнімдеріне деген сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін қалыптастыру мақсатында қалада 7 мал бордақылау алаңы ашылды. Мұнда жалпы 3400 бас ірі қара мал бордақыланады. Бұл жобаларға 2,3 млрд. теңге инвестиция тартылып, 30 жаңа жұмыс орны құрылды. Яғни осы жұмысқа орналасар 30 азамат өз отбасыларын асырайды деген сөз. 

Шымкентте кәсіпкерлік нысандар карантиндік талапты сақтап жұмыс істеуде
Жыл соңына дейін 14,6 мың тонна ет өндіру көзделуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу