Жыл соңына дейін 14,6 мың тонна ет өндіру көзделуде
Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында көптеген инвестициялық жобалар қолға алынуда. Инвестициялық жобалардың ішінде - «Наурыз» ЖШС, «Байзаков Е» ЖК, «Абдукаримов» ЖК, «Наркулов» ЖК, «Лапиев» ЖК-да мал бордақылау алаңдары жаңадан құрылған болса, «Алтынсай» мен «Асыл-жұлдыз» шаруа қожалықтары мал бордақылау алаңдарын кеңейткен.
Осы жылдың жеті айында 9,8 мың тонна ет өндірілсе, жыл соңына дейін 14,6 мың тонна ет өндіру көзделуде.
Есепті кезеңдері қара мал саны 80,4 мың басты, қой мен ешкі саны 92,6 мың басты, жылқы –14,1 мың бас, құс 934,7 мың басты құрады. Өткен жылғымен салыстырғанда өсім байқалады. Бұған мал өсірушілерге деген мемлекеттік қолдау шараларының артуы ықпал етті.
Айта кетейік, ет бағасының өсуі өндірістің немесе мал басының жетіспеушілігіне байланысты емес. Нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығы өніміне және тауарлардың басқа түрлеріне бағаны кәсіпкерлер өндіріс, сақтау, тасымалдау кезінде жұмсаған шығындарды ескере отырып, сұраныс пен ұсыныс негізінде дербес белгілейтінін атап өту қажет. Сонымен қатар, бағаға сыртқы фактор – көрші елдер мен халықаралық нарықтардағы ұқсас өнімдер бағасының өзгеруі де әсер етеді.