Шымкентте кәсіпкерлік нысандар карантиндік талапты сақтап жұмыс істеуде

Oinet.kz 27-08-2021 421

Screenshot_14.jpg

Әлемді жайлаған індет кәсіпкерлік саласын тоқыратқан болатын. Бүгінде індет азайып, кәсіпкерлік нысандары қайта жұмыс істей бастады. Осылайша олар қайтадан аяққа тұруда. Дегенмен нысандар ашық-шашық емес, карантиндік талаптарды сақтап жұмыс істеуде.

Шымкент қаласында бүгінде 45 бекетте вакцинациялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Егу науқаны басталғалы барлығы 419 934 адам вакциналанды. Оның ішінде 352 329 адам вакцинаның екі компонентін алды. 

Бүгінде медициналық қызметкерлерді вакциналау 100 пайыз, құқық қорғау қызметкерлерін 100, мұғалімдер 180, созылмалы аурулары бар азаматтар 61,1, студенттерді вакциналау 166 пайызға орындалды. Азаматтарға вакцинаның Спутник V, QazCOVID-In, Hayat-Vax, CoronaVAC, Vero CELL түрлері егілуде. 

Қала әкімдігі жанынан ашылған call-center тәулік бойы жұмыс істеуде. Қаладағы бизнес субьектілері үшін «Ashyq» жобасы енгізілген болатын. Бизнес субьектілеріне келушілердің мәртебесін анықтау барысында «қызыл» және «сары» мәртебелі азаматтар анықталды. 

Шаһарда ASHYQ жобасына қосылған бизнес субьектілерінің саны 8114-ке жетті. Қазіргі кезде 441 тұрғыннан «сары» статус, 863 тұрғыннан «қызыл» статус анықталып отыр. 

Сондай-ақ, 21-27 тамыз аралығында қалада 2546 нысанға тексеру жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 79 карантиндік талаптарды бұзу фактілері тіркелді.

Жылына 1000 тоннадан аса сүт өнімдерін шығарады
Мал бордақылау алаңдарында 30 жаңа жұмыс орны құрылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу