Әрекетсіз салық төлеушілер кімдер?

Oinet.kz 20-11-2019 27561

crop_b532c2f0ac5d74312e8b9541a39_1459330247.jpg

ҚР Салық кодексінің 579 бабына сәйкес салық төлеушілерді «әрекетсіз» деп тану заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлерге қатысты екенін мәлімдей келе Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілердің назарына төмендегіні жеткізеді:

Салық органдары салық төлеушіні әрекетсіз деп тану туралы бұйрықты жыл сайын 30 сәуірден кешіктірмей шығарады, олар туралы мәліметтер осындай бұйрық шығарылған күннен кешіктірілмей, уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланады.

«Әрекетсіз» деп танылған салық төлеушілердің тізімін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайтында  www.kgd.gov.kz «Электрондық сервистар» бөлімінде, «Сенімсіз (әрекетсіз) салық төлеушілерді іздестіру» көру режиміне кіріп көре аласыздар, егер  әрекетсіз салық төлеушілер тізімінде болған жағдайда,  Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасында тіркелген салық төлеушілердің келуін сұранамыз. Сонымен қатар әрекетсіз деп танылған салық төлеушілерге кедергі болатын жағдайлар, яғни олардың банк шоттарындағы шығыс операциялары тоқтатыла тұратындығын, шет елдерге сапар шегуіне кері әсерін тигізетіндігін мәлімдейді.

Қосымша ақпаратты Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының 107 бөлмесінен немесе 53-01-74 сымтетігініне хабарласып біле аласыздар. 

Р.Минаймбеков,

Әл-Фараби ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы

200 теңгелік банкноттар қайда кетті?
Қазақстан әлемде алтын қоры бойынша нешінші орында?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу