«Ағама бір жыл мал бақтырып, ақшасын төлемеді»: Құқық қорғаушыдан ағасына көмек сұрады

Oinet.kz 18-02-2025 403

Белгілі құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзіне келген хаттардың бірімен бөлісті. Онда хат иесі ағасының жағдайын айтып, көмек сұраған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_3.jpg

Айтуынша, ағасына біреулер 1 жыл мал бақтырып, ақшасын төлемеген. Тіпті, үйінен шығармайды екен. 

"Сәлеметсіз бе! Маған сіздің көмегіңіз керек! Малшылық жұмыс істетіп еңбегін бермей, құлыптап ұстап отырған кісіге қандай құзырлы органдар жауап береді? Айта аласыз ба?

1жыл көлемінде еңбек ақысын бермеген, беремін деп алдап келген. Условия жоқ. Киімі лас, жатар орыны кір, сыртынан құлыптап кетеді. Үй әперем деп алдаған. 1 ауылда тұратын туған әпкесінің үйіне бара алмайды. Cыныптас, достарына бармайды. Қатым, тойға бармайды. Ағам араққа салынып, биш болып кетті. Ешкім араласпай, тұйықталып, нашар адамға айналып бара жатыр", - деп жазды хат иесі. 


ДНК нәтижесіне сенбейміз: Өгей әкесінен бала босанған қыздың анасы
«Үлкен ұлым менен емес»: Көпбалалы ана күйеуінің ессіз қылықтарын айтып кеңес сұрады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу