Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Менің есімі Әсия, 1993 жылғымын. Үйдің жалғыз баласымын, тұрмыста емеспін. Анамның жасы 59-да. Əкем жоқ, жол апатынан қайтыс болған 1993 жылы (анамнын айтуы бойынша). Анам екеуміз тұрамыз, әкемнің туыстарын мүлде көрмегем.
Анамның айтуы бойынша, əкем қайтыс болған соң туыстары мені жалғыз ұрпағы деп алып қалмас үшін мені мамам алып кеткен Солтүстік Қазақстанға. Негізі туған жерім - Қызылорда. Анамның туыстары жартысы Қызылордада, жартысы осы Солтүстікте тұрады. Менің туған жерім Қызылорда, бірақ осы Солтүстікте өскенмін.
Менің тегім, әкемнің аты түгелі анамның атында. Ес білгелі анамнан әкем туралы сұраймын, бірақ ол жарытып ештеңе айтқан емес, не айтарын білмей сасқалақтап қалады. Анама осы сұрақ ауыр тиетін болар деп көп сұрамайтын болдым
Есімде бала кезде, шамамен 5-6 жасымда анам маған былай деген: " сенің шын атың Гүлбақыт, əкең қойған еді. Сен туыла сала əкең қайтыс болған соң тегінді, атыңды бəрін өз атыма аударып алдым. Ал негізгі өз тегің Асқарова, көкелерің бар, тəтелерің бар осындай пəленше" деп отыратын... Кейін мен 16-ға толған кезімде жеке куәлік алу қиынға соқты. Халыққа қызмет көрсету орталығындағы қызметкерлер мұрағатта басқа адамның аты шығып тұр деп айтқан болатын. Қызылорданывң мұрағатына барып, таныс тауып, әйтеуір әрең дегенде жеке куәлік алған болатынмын. Мұрағаттан келген жауап қағазда менің атым Гүлбақыт Көпжасарова деп тұр, туған кунім, жылым ғана тура сəйкес келген, ал аты-жөім, əкесі, анасы деген жерде басқа кісілердің аты жазылған. Мен сол кезде ойланып калдым, анам айтушы еді шын атың - Гүлбақыт, фамилиян Асқарова деп, бұл бір қызық екен деп уйге барып анамнан сұрап едім, ол үндемеді, қателескен шығар деді де қойды.
Ол кезде 16 жастамын, қатты терең ойлап бас қатырмадым, бірақ іште бір күдік боп қалды. Содан арада үш жыл өтті. Жасым 19-да, агентте отырып өз туыстарымды іздеп көрейінші деп Қызылорданың Асқароваларын іздедім... Ерінбей əр кайсысына "Сəлем сенің атаңның аты Қали емес па, руың осындай ма, пəленше деген әпкең, ағаң жоқ па? туыстарымды іздеп отыр едім" деп сұрап шықтым. Содан өзімнің туған бауырымды тауып алдым сенесіздер ме. Ол да 93 жылғы екен, тура мен туылған жердің тумасы, фамилиясы Асқарова, əкесі қайтыс болған. Барлық мен айтып шыққан кісілерді танитын болып шықты. Анасы ауырып кайтыс болыпты. Содан ол тез номеріңді жазшы мұндай сəйкестік болуы мүмкін емес деді. Бердім. Сөйлестік біраз. Ол жылады, мен де. Сөйтіп кешкісін анамнан сұрасам, менің бауырым бар екен ғой деп, анам жылады: " менің жан құрбым əкеңнің басын айналдырып менен алып кеткен, ол қыз сол қатынның қызы " деді.
Мен есімнен танып жыладым, неге маған айтпадын деп. Сосын далаға шығып кетіп əлгі қызға звондап ұрыстым: сен оңбаған əйелдің қызы екенсің ғой, анамның жан құрбысы бола тұра əкемді тартып алыпты, мен алмаған текті сен алып отырсың, сен жолдан туғансың дедім, анамның айтқандарын бəрін айтып жыладым. Ол да жылады, мен мулде бейхабармын, сенің барыңды да естімеппін, ата-анамыздың қателігі гой, менің не кінəм бар, ол кезде біз жоқпыз ғой деді. Содан ол қызбен байланысты үзіп, 2 ай бойы жылап, қиналып жүрдім. Не туған бауырым жоқ, не адал досым да болмады сырымды ашып айтар. Қатты қиналдым,сан түрлі ойлар кетті:мен кайдан шықтым, менің неге өз аты жөнім, тегім жоқ деп жылап жүрдім. Анам бірыңғай жумыста болатын, анаммен ешкашан ашылып сырласып сөйлескен емеспіз, анам ер мінезді, қаталадам.
Содан кейін əлгі қыз маған 2 айдан кейін былай смс жазып жіберіпті: " мен мына жақта марқұм əке-шешемнің туыстарынан бəрін сұрастырдым, 1988 жылы сенің анаңмен əкеміз ажырасып, менің анама үйленген, сүйіп қосылған. Әкеңді тартып алмаған, өйткені сенің мамаң бедеу болған екен, сол ушін тастап кеткен, сен қайдан шыққаныңды білмеймін, мумкін асырап алған шығар, суреттеріңді көрдік бізге мулде уқсамайсың, сен сарысын, түрің басқаша, біз қарамыз бізде сары адам жоқ. Білмеймін кім екеніңді бір құдай біледі" деп жазылған. Осы сөздерді оқығанда жүрегім дүрсілдеп, басым айналып, есеңгіреп есімді жиа алмай калдым. Үйден шығып кетіп көшеде жылап жүрдім өлгім келіп. Кімге барарымды білмедім, өмірдің мəні кетіп, қап-қара түнек болып кетті айналам. Бытшыт болдым... Кешке уйге көзім ісіп бардым, мамам жұмыстан келген еді. Аузым бармады сұрауға :"Сен мені асырап алдың ба? Мен кіммін?" деп. Өйткені жауабын естуге қорқатынмын. Тірі өлік болып қиналып келдім осы уақытқа дейін... Шынымды айтсам мен де солай ойлаймын мені асырап алған шығар.
Құдайға шүкір, ешкімнен кем қылмай өсірді оған өкпем жоқ. Бірақ анамның алыс достары, таныстары бала кезден айтатын, əлі күнге дейін: "қызын сұлу ғой, саған мүлде ұқсамайды, асырап алғансың ба деп күлетін,əкесіне тартқан-ау" дейтін. Негізі анама мені ешкім ұқсатқан емес. Анамның жас кезіндегі суреттерін көррсетем, мумкін казір кəрі ғой, жас кезі маған ұқсайтын шығар деп. Бірақ барлығының айтатыны: мүлде ұқсамайсың дейді. Іштен күрсініп қалам біртүрлі болып.
Менің əкем деп келген адамның суреті үйде бар. Ол кісіге де ұксамаймын.
Менің анам арақ ішеді кейде, ішкен кезде менің мазамды алып тиісіп жылайды. Бала кезден еститінім боғауыз. Бала кезден маған ауыр сөздер айтатын. Мас кезде маған былай айтады: " сен өскенде шешең сияқты ж...* боласың, тұқымың оңбаған ғой" деп жүректі ауыртатын. Адамның жүрегіне тиетін сөздерді көп айтады. Сол кезде айтамын анама: Шешем сен емессің ба? Неге олай дедің десем... "Шешең мен емес" деп айтатын кездері көп болған. Бұл жай ғой. Бұдан да сорақысын көргем, неше түрлі боғауыз айтады, бала кезден жөнсіз ұра беретін, не ақысы барын білмеймін ғой. Не үшін ұра берген мені деп таңқалам казір. "Сен менің қызым емессің, сені асырап алғанмын, тілімді қышытпа" деген сөздерді көп айтады ішіп алса. Ешқашан жылы сөйлеп бауырына басқан емес, бөтен көреді, бала кезден əлі күнге дейін себепсіз ұрады. Осының бəрін жасым ұлғайған сайын түсініп келем. Мен əбден түңіліп біттім. Сосын есін жиған соң кешірім сұрайды. Айтылған сөз-атылған оқпен тең. Ішкен адам ойындағысын айтады. Оның үстіне ешкімге ұқсамаймын анама да, анамның туыстарына да. Не істерімді білмеймін. Жылап жасым да таусылды, жүрегім болса ауырады. Не бауырына басар апкем, ағам жоқ. Сенімді дос та жоқ мені түсінетін. Архивтағы кісінің берген қағазын сактап келгеніме 7 жыл болды. Көпжасарова Гүлбақыт дегенді оқып одан сайын түңілем. Ойымда сан түрлі сұрақ, жұмбақ. Маған көмек беріңіздерші, маған өте киын. Қайдан білсем болады өзімнің кім екенімді, шындықты білгім келеді.
Аноним