Анам «сендерді қарғаймын, быт-шыттарыңды шығарамын» дейді,

Oinet.kz 12-05-2024 2639

Мен қазір өзімнің ата-анамның үйінде тұрып жатырмын. 4 жастағы 2 егіз қыздарым бар. 2019 жылы сөйлесіп жүрген жігітім алып қашқан болатын, ата-анам "қалам" дегеніме қарамай 2-3 күннен кейін кері алып келді.

Screenshot_8.jpg

Сондағы айтқан сылтаулары ол жігіт қайыршы дейді. Екі жақ быт-шыт ұрыс болды. Жігітім жылап қалды сөйтіп. Кейін жүкті екенімді білгесін аборт жасат деді. Жасатпадым. Шүкір қыздарым сүп-сүйкімді болып өсіп келе жатыр. Алдырып тастамағаныма қуанамын.

Ендігі мәселе төрт жылдан кейін өз теңімді кездестірдім. Енді сол жігітке тұрмысқа шығайын десем, ата-анам тағы қарсы шығып отыр. Бұл жолғы сылтаулары өз тағдырыңды өзің бүлдірдің, енді қыздарыңды қарап тыныш отыр дейді. Төрт жыл ішінде не айтса да көне бердім. Бірақ қайтып келген қыз, оның үстіне екі қызымен төркінге еш сыймайды екен. Қазір ішім алай-дүлей болып жүр.

Сөйлесіп жүрген жігітім "бәрібір үйленеміз, керек болса алып қашам" дейді. Қашып кетейін десем анам: "Сендерді қарғаймын, быт-шыттарыңды шығарамын" деп отыр. Жігіт жақтың алдыңғы оқиғадағыдай масқара болғанын қаламаймын. Дәл бұрынғы оқиға қайталанбаса екен деймін. Өмір көрген апа-әпкелер не істеуге болады, кеңес беріңіздерші. Ата-анам неге менің бақытты болуыма үнемі кедергі жасайды?

«Бишімбаевтың емес, қандықол қылмыскер күйеу баламның соты болып жатқандай болады»
Ағамның жолдас жігіттері нағыз құдайдан безгендер екен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу