Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Белсенді құқық қорғаушы Ләззат Рақышеваның instagram парақшасына 5 жылдан бері күйеу баласының қолынан қаза тапқан қызының жоғын жоқтап жүрген анадан хат келген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Хат жазуышының айуынша Бишімбаевтың соты, жұдырық үстіне жұдырық болып тиген.
"Сәлеметсіз бе, Ләззат ханым. Сізбен хабарластым. Сіз маған адвокаттың ұялы телефонын бердіңіз, "Мән-жайды айтып хабарласыңыз", - дедіңіз. Мен ауырып қалдым, емханадан шықтым. Әлі де емхананың табалдырығын тоздырып жүрмін. Адвокатқа қаражатым жоқ жалдайтын. Маған "Көреміз" эфирінен шығуына қол ұшын созсаңыз жақсы болар деген үміттемін. Бішімбаевтың сотын күнде қарап отырам. Маған Бішімбаев Қуандық емес, қандықол қылмыскер күйеу баламның соты болып жатқандай болады. Бішімбаев Қуандыққа судья үкім шығарғанда, менің күйеу балам жазаланғандай болды. Қызымды әлі ойлаймын. 3 жиендерімді көрсем деген армандамын. Әділдіктің боларына ерте ме, кеш пе сенімдемін. Қызымның мәйітінен шықпаймын. Балам екеуіміз қызымның басына барып, айналасындағы шөптерін жұлып, гүлдер отырғызып, фундаментін сырлап кеттік.
Суыт хабарды естіген бойда жолдасым, екінші ұлым үшеуіміз Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданына құдамыздың жездесі мен туған апасымен жол тарттық. Құдағайымыз өз бөлмесінен шыққан жоқ. Біздер қызымыздың мүрдесін алып кеткенше. Өз-өзіне қол салды, яғни "Суицид" дегесін, моргте сойдыртуан бас тарттық. 2016-жылы құдамыздың туған ағасының 1995-жылы туған, ауданында колледжде оқитын, тұрмыс құрмаған қызы да қайтыс болды. Менің қызым мал қорада, ана қыз бала асылған жерге барып асылып өлді деп сендірді. Екі жылға жетпес уақытта менің де қызым өмірін келте етті. 4-күнге дейін қызымның мүрдесін алып шығу, ол шаңырағынан өте қиынға соқты. "Осы босағаны аттады, сүйегі осы босағада қалуы керек. Бас жарылса - бөрік ішінде, қол сынса - жең ішінде, Бейнеу ауданының салттары бойынша", - деген ызың сөздер, құлағымның құрышын қандырды. Отбасымызбен мақсатымыз қызымыздың денесіне медициналық құрал, пышақтарын тигізбеу болды. "Мойны шпагат жіпке қиылып тұр, денелерін бүлдіртпей, Атырау қаласының Томарлы мәйітіне жерлеу болды. Маңғыс облысы, Ақтау қаласына қызымның мүрдесін апарып, сараптама жасалды. Бізге сол бойда ешқандай қолымызға құжаттар берілген жоқ.
Құдамыз қызымның қазасы туралы құжаттарды сұрағанда, қоқаң-лоққы көрсетіп бас тартты.
17.02.2019 күні Атырау қаласынан адвокат жалдап, Бейнеу ауданының РОВД-ға бардық. Адвокат қызымның құжаттарымен танысып отырғанда, тергеушінің мониторынан көріп қалдым. Қызымның тұла-бойында, бет-әлпетінде сау тамдығы жоқ. Жарақаттар, соққылар, темекі шоқтары басылған, пышақ тіліктері, тамақтарының астарыннан бірнеше рет шпагат жіппен қылғындырылған. Беттерінде де шпагат жіп іздері бар. Көздері жұмылып, мұрны мен еріндері қатты соққыдан ісініп кеткен. Сол жерден Эксгумацияға арыз жазып кеттік.
Эксгумация 06 04.2019 жылы Атырау қаласыннан жасалды. Істі қысқартып тастады. Әкелі-балалы қылмыскерлер әлі бостандықта жүр. Ең болмаса 3 жиеніммен кездестірмей отыр. Күйеу баламыз 2020 жылы тағы да отбасын құрыпты дегенді естідім. Сәбилі болыпты. Екінші әйелі де менің қызымның күнін кешпейтініне кім кепіл?
"Мен барлық жерді ақшамен сатып аламын, саған керегі ақша болса, әне ал", - деп мал қорасының есік жағындағы шөптерді көрсетеді. "Ажалың менен болады, көмген жеріңннен қайтадан қазып алам", - деп неше түрлі комментарийлер жазады. Мен қызымның мүрдесін ақшаға айырбастамаймын, мен солар жазаланса деймін. Сонда ғана бұл тіршілікте бойымды көтеріп жүре аламын", - делінген хатта.