Әкесінің күнәсінің үстінен түсіп, ұрып мүгедек қылған ұл
Менің нағашы атам мен әжем жалғыз тұратын. 10 жасымнан бастап ата-анам соларға қолғабыс ет, үлкен кісілер шаруа жасай алмайды» деп, мені жіберетін сол үйге жиі.
11 жасымда сол үйдің қорасында мал жайғап жүргенімде мені көрші ата келіп зорлап кетті. Көктем кезі еді, күн ыстық болатын. Содан 3-4 күн қатарынан ыстығым көтеріліп, ауырдым. Ата-анам алыста.
Нағашы әжем өте қатал, түсі суық адам еді, ол кісіге ауырып тұрмын деп те айтуға қорқатынмын. Бұл жағдай тағы 1-2 жылдай жалғасты. Содан бір күні әжем құдайы тамақ беріп, көрші атаға апарып таста деп қолыма тамақ ұстатты. Мен барғанда көрші ата мас екен. Қолымнан ұстап алып, жерге жатқызып алып зорлады.
Мен айқайлап, «әжелеп» жыладым. Сол уақытта үйге көрші атаның ұлы кіріп келді де, әкесінің ісін көріп, шошып кетті!!
Менен «Ештеңе болмады ма?» деп сұрап, «Ешкімге айтпашы» деп жалынды.
Мен жылап кетіп қалдым. Содан кейін біз қалаға көшіп кеттік. Кейін естігенімдей, сол күні көрші атаның баласы мас болып келіп, әкесін аяусыз ұрып тастапты. Сол ұрғаннан көрші атаның аяқ-қолы істемей, екі жыл төсектен қозғала алмай жатып, біреудің қолына қарап қалыпты.
Ақыры қиналып жатып екі жылдан кейін қайтыс болған.
Қазір менің жасым 37-ға келді. Ата-анама өкпелімін. Басқа бауырларым секілді көз алдарында жүргізбей, мені сол жаққа бекер жіберді, бар өмірім қор болды-ау деп ішім күйеді. Жаным жаралы. Жазылмайтыны анық енді. Тіпті ол азғын өлсе де...
Ляззат Ракишева Instagram парақшасынан