Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Енесін жамандаған ұятсыз деп айтатындар да табылар. Мен айтарымды айтамын. Енем жасы жетпіс алтыға келсе де, арақтан басқаны ойламайды. Атам бұдан жиырма жыл бұрын қайтыпты.
Адам өз баласымен бірге арақ іше ме? Менің енем ішеді. Зейнетақы алған күні отыз шақты бөтелке арақ алып келеді. Əйел адам, үйге азық-түлік əкелмей ме деп те ойлаймын. Үлкен кісі ғой. Ақыл берер жаста. Баласына өнегесін көрсетпей ме? Күйеуімді маған қарсы айдап сап қояды. Көшедегі біреу емес қой, өз анасы. Іріткі салатын адамның өз үйіңнен шыққаны жаман.
Күйеуім енеммен бірге ішіп алған соң жыны маған түседі. ”Кет” дейтінді шығарды. Үш баламмен кеткенде қайда барамын? Енемді емдетейік деп күйеуіме айтайын десем, өзіме қарсы шығып ұрып тастайды. Кейде нан алуға ақша таппай қаламыз. Сондай да қатты ыза боламын. Араққа бергенше ақшаларына азық түлік, ең болмаса жейтін нандарын алмай ма деп. Мектепте мұғаліммін, алатын жалақым мардымсыз. Сағатым аз.
Енеме ес кіріп арақты қояр ма екен? Бұл дүниесінен ана дүниесі жақын адам ғой. Қашан Аллаға мойынсұнып арақты қойып, немерелеріне ақыл айтып отырар екен?