Босаға аттай сала жүзі қара атанған жас келін

Oinet.kz 04-04-2024 2633

Тоқырау жылдары жұрт қатарлы саудамен айналыстым. Төрт жігіт пәтер жалдап тұратынбыз. Пәтер иесі тоқсанға келген кемпір. Жұрт оны "Жүзі қара" деп атайды. "Жүзі қара атанатындай не жазып қалды екен?" деп ойлап жүрдім. Сұрауға тағы ыңғайсыз... Бір күні кемпір әңгіме үстінде өзі айтты:

Screenshot_13.jpg

- Менің азан шақырып қойған атым Мінәй деді ол. Кіші жүзде айтулы батырдың қызымын. Әкем дүниеге қызықпаған кісі. Мені айттырып келгендерге, "Қызыма ұнаса тегін беремін" деп отыратын. "Әке атымен қыз өтер, мата атымен бөз өтер" дегендей, батырдың қызы болғансоң маған құда түсушілер көбейді. Алдымда үйленбеген үш ағам бар. Ол уақытта қалыңсыз қыз алу қиын. Сол ағаларымды ойлап шешімді өзім шығардым.

Келгендерге, "Қалыңым жүз қара" деп кесіп айттым. Шамасы келмегендер кетіп жатты. Түркісттаннан келген бір бай келісім берді. Сол босағаны аттаған күннен бастап ел мені "Жүз қара" деп атап кетті -деді апамыз. 

Біз қате түсіегенімізді айтып кешірім сұрап жатырмыз. "Ее, құдай көрсетпегенің көп екен" -деп кемпір де рахаттана күліп алды.

Тойымыз қыз зорлау, кісі өлімімен аяқталып еді
Күйеуден қайтқан қыз тағдыры
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу