Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Меннен барлық достарым мен туыстарым теріс айналады. Бірақ, олар үнемі жылай берудің не екенін түсінбейді. Бұдан ары шыдамаймын, шаршадым.
Ол жігітпен университеттің төртінші курсында оқып жүрген кезде таныстым. Бір көргеннен ғашық болдым. Ол мені бірден байқаған жоқ. Денелі, шашы ұзын сұлу жігітке бәрі ғашық еді. Ал мен аласа бойлы, әкемнің ханшайымы болдым. Мен оған бір-екі пән бойынша көмектесіп жіберген едім. Ақыры достасып кеттік. Бірнеше айдан соң үйіне көшіп бардым. Атасынан қалған екі бөлмелі пәтер бар болатын. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң бір жыл ертегідегідей өмір сүрдік. Барлығы бізге қызығатын. Бір жылдан соң тұңғышымыз дүниеге келді. Көп уақыт өтпей екінші сәбиіміз туды. Мен үйде, жұбайым түзде жұмыс істеді.Ата-анамыз көмектесіп тұрды. Сосын жұмысқа шықтым. Бірақ үйде болмағаным күйеуіме ұнамады.Сөйтіп қуанышты күйде жүргенде үшінші нәрестелі болдық.
Бірде жолдасымның досының туған күні болды. Күйеуім ешқашан ішпейтін еді.Ал сол күні бір шөлмек сыра ішіп қойды. Достары оны мас емессің ғой деп дүкенге жұмсаған. Бірақ, аяқ асты қайғылы жағдай болып, көлік апаты орын алды.Күйеуім екі күн комада жатты. Қазір ауруханада төртінші ай болды жатқанына. Енді өмір бойы жүре алмайды. Жүрген күннің өзінде балдақпен ғана, оны өзі күмәнді. Ақыры жұмысқа орналасуға тура келді. Таңғы 8 ден 5-ке дейін істеймін. Үлкен балаларымды мектепке, кішкентайларымды бала-бақшадан алып, тамақтарын беремін. Үйді жинап, ауруханаға жүгіремін. Ақша мүлдем қалмады. Балаларға қалай тамақ тауып берерімді де білмеймін. Бұған қоса олардың киім-кешегі бар, мектебі мен балабақшасына да төлеу керек.
Осы төрт айдың ішінде қатты шаршадым. Үнемі жылай беремін. Өмірім үшін, өзім үшін өкінемін, күйеуіме жаным ашиды. Күйеуімді жақында ауруханадан шығарады. Ажырасқым келеді. Оны анасы жап-жас, дені сау. Оны күтіп баптауға қауқары жетеді. Ал мен үш бала мен мәңгілік мүгедек күйеуімді баға алмаймын. Ол енді еркектің міндетін де орындай алмайды. Мен болсам оның көзіне шөп салғым келмейді. Ойласам қолдарым дірілдеп кетеді. Не істеймін? Барлық достарым мен туыстарым мені жек көріп кете ме деп қорқамын. Бірақ, олар менің орнымда болып көрген жоқ. Олар бұлай өмір сүрудің не екенін түсінбейді. Мүмкін кейін аяққа тұрса бәрі қайта орнына келер. Өйткені мен оны жақсы көремін. Бірақ, бұлай өмір сүре алмаймын. Менің өзімнің де денсаулығым жоқ. Ата-анама көшіп барғым келеді. Бұдан ары қалай өмір сүру керектігін білмеймін. Ашуланшақ болып кеттім. Бірақ, бәрі теріс айналып, күйеуім жек көріп кете ме деп қорқамын.