Келінім мені кешірді

Oinet.kz 02-10-2023 3504

Басындағы бақты кеш білетін адамның қашанғыдан бергі əдеті десем, артық айтқаным болмас. Менің де басымнан бір сабақ болар жағдай өтті. Өзім екі құрсақ көтерген анамын. Екеуі де ұл перзент. Сол екі ұлымды да ел  қатарлы өсіріп, екеуін де аяқтандырдым.

Screenshot_16.jpg

Бірінші келінімді келген күннен ұната қоймадым. Өзі Ашхабадтың қазағы еді. Ауызындағы сөзін дұрыстап сөйлей алмайтын адам деп қарайтынмын, айтар сөзін суырып алатындай көретінмін. Екінші келінім - Оңтүстіктің қызы еді. Ол - пысықтығымен таңдай қақтыратын. Алғашқы күннен екі келін бір үйге сия  алмайтын түсіндім. Өзіме ұнамайтын келінімді бөлек шығарып тастадым.  Бір түйір нəрсе бермедім. Кіші келіннің сөзіне ұйып, дегеніне  ердім. Бөлек шығарды деген бос сөз. Қуып жіберді деген жөн шығар. Ұнатпаған жерде тұру мүмкін емес қой. Үлкен келін көп сөйлемесе де,  өр мінез еді. Қостанайдағы базарға жұмысқа шығып, ұлымды оқытты.  Кіші келін абысыны кеткен соң менімен ұрысуды шығарды. Ұлымды өзіме қарсы қойып, қара шаңырақты сатуға шықты. Бір күнде сөзім өтпей, қайралмаған балтадай болып қала бердім. Үйсіз қалған соң үлкен келінімнің есігін қақтым. Келінім көрсеткен қорлығымды ұмытып, кешіріп үйіне тұрғызды. Кіші келінім қазір Кореяда тұрады. Араласпаймыз...

Абақтыда әйелдерді әйелдер зорлайды - Казинода жұмыс істеген қыз
Тойымыз қыз зорлау, кісі өлімімен аяқталып еді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу