«Әйеліме инфекция жұқтырдым»: Жыныстық инфекцияның зардабын тартқан ер адамның видеосы тарады

Oinet.kz 02-11-2023 4014

Tik Tok желісінде жастарды бей-берекет жыныстық қатынастан сақтануға шақырған ер адамның видеосы тарады. Ер адам әйеліне өзі жұқтырған инфекцияның кесірі балаларына да тигенін айтқан, деп хабаралайды Oinet.kz тілшісі Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап.

Screenshot_9.jpg

"Қыздай алған жарым ғой, бірақ оған мен жұқтырғам. Біз еркектер тасымалдаушымыз, ауырмаймыз. Біз тек жұқтырады екенбіз. Инфекция әйелдің ағзасына түскеннен кейін, бірінші нәрсе, әйелде цистит пайда болады. Кіші дәретін ұстай алмай қалады. Екінші, жатырға түседі. Жатырға түскен нәрсе баланың дамуына шектеу береді екен. Көп емделдік, қыруар ақша кетті. Осы кезде мен үйленейін деп жатқан інілерім болса, қолынан жетектеп өзім апарып, анализ тапсыруға мәжбүрлеймін. Өйткені, менің қателігімді қайталамасын. Біздің баладай бала олардың отбасында отбасында болмай-ақ қойсын. Бүкіл қазақ жастарына айтарым, бей-берекет жыныстық қатынастан сақ болыңыздар, сақтанып жүріңіздер. Бес минуттық ләззәт үшін бүкіл өмірлеріңізді қор қылып алмаңыздар", - дейді ол. 

Желі қолданушылары бұл оқиғаның басқа еркектерге сабақ болу керектігін жазуда.

"Жарайсыз, азамат. Басқа еркектерге сабақ болсын", "Мықты еркек, мойындай білген ерлік", "Осыны барлық еркек тыңдасын", " Өте дұрыс айтады. Жігіттер үйленер алдын анализ тапсыру керек", -  деп жазды олар. 

Анам маған «сен өскенде шешең сияқты жезөкше боласың» дейтін...
Қайын атамның рухының назалануына мен себеп болған сияқтымын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу