Ажырасқан келіншектер бәле болды

Oinet.kz 02-09-2023 2717

Шымқаладан Алматыға арман қуып келіп, көрші кыздың ағасын ұнатып қалдым! Көрші қызбен жақсы араласып жүріп, оның ағасын өзіме қаратып алдым! Өте момын жігіт екен! Анда-санда кездесіп жүрдік, арамыз жақындай түсті. Көп ұзамай аяғымның ауыр екенін білдім де, заттарымды жинап үйіне кіріп алдым. Ол үндемей келісті.

Screenshot_5.jpg

Міне, содан бері де он жыл өте шығыпты. Арамызда екі баламыз, тұрақты жұмысымыз бар. Пәтер жалдап тұратынымыз болмаса, жағдайымыз жаман емес. Күйеуім осы уақытқа дейін қол көтерген емес, тапқанын тиынына дейін санап өткізеді. 

Ол маған ешқашан ақшаны қайда жұмсадың, қайда бардың деп тергемейді де. Мен өзім пысықтаумын, көп нәрсені өзім шешем! Басқа еркектер секілді орынсыз қызғанып, қысқа киме, боянба деп те миымды жемейді. Бірақ он жылдан бері бірге тұрып келе жатсақ та, "жаным" деген жылы сөз айтып, еркелеткен емес.

Өткен жаздан бері күйеуім қатты өзгерді, өзі азып кетті. Кешке жұмыстан келіп, үнсіз жатып қалады. Біраз уақыт оған не болып жүргенін түсіне алмай жүрдім. Біраз уақыт бұрын онымен бірге істейтін қызбен сөйлестім. Ол қыз жақында олардың ұжымына жасы 25-тен асқан екі баласымен ажырасқан өте көрікті келіншектің келгенін айтты. Оның айтуынша, әлгі келіншектің мінезі өте жақсы, өзі сұлу екен. Оның күйеуі өзге қызды екіқабат қылып қойған соң бұл екі баласын алып күйеуінен кетіп қалыпты.

Өзінше ешқандай еркекке қарамайды екен. Менің күйеуім сол келіншекке ғашық болып қалғанға ұқсайды. Күйеуім күдіктенгендіктен оның телефонын аңдитын болдым, тіпті паролін бұзып кіріп, оған жазған хабарламаларын оқыдым. Біздің сүмелек оның артынан сүмеңдеп екі ай жүгіріпті.

Әлгі келіншек өтірік көнбегенсіп, "әйеліңізге караңыз кунә жасамаңыз, егер соңымнан жүгіргеніңізді қоймасаңыз, жұмыстан шығам" деп жазган. Менің күйеуім сонда да қоймаған соң ол ақыры жұмыстан шығып кетіпті. Біздікі болса, оның адресін тауып алып, әлі жүгіріп жүр екен.

Балаларымның әкесі өз отбасын сызып тастап, екі баласы бар әйелге сонша ғашық болып, соңынан жүгіріп, өмірі маған айтып көрмеген сөздерін соған айтқанына ішім күйді. Бірақ күйеуімнің әлгі әйелді соншалықты жақсы көретінін біліп тұрғандықтан оған ештеңе айта алмадым. Өйткені ол әлі де тапқанын бір тиын қалдырмай маған әкеп береді. Анау әйел де оған "маған сыйлық жасамаңыз, табысыңызды әйел, бала-шағаңызға апарып беріңіз" деп жазатынын қайтерсіз. Сол айтпаса, менің күйеуім бізді ойланбай тастай салатын ойы бар.

35 жасқа келгенде күйеуімдікі не махаббат соншалықты. Мен оған қазір ажырасайық десем, қуана-қуана кетіп қалатын секілді. Енді не істесем болатын. Ажырасқан келіншектер ұйып отырған отбасыларды бұзатын болды ғой.

Аноним

Alashainasy.kz

Таксист ағайды есінен тандырып қоя жаздаған келін
Амалсыз келін болған үйімнен бүкіл ауруды жұқтырып қайттым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу