Студент кезімізде құрбымыздың кесірінен 4 бірдей қыз зорлықтың құрбаны болдық

Oinet.kz 18-08-2023 4310

Мен де өз басымнан өткенімді бөлісейін дегем. Кішкентай кезімде, мен ол кезде шамамен 7-8 жастамын, сіңлілеріммен қалалық паркқа барып гүл теріп жүргенде біреу аузымды жауып, көтеріп әкетті де, шөптің ішіне апарып жатқызып, өзі бар денесімен жата қалды.

Screenshot_5.jpg

Аузы-мұрным жабық, мен тұншығып қатты тыпырлап, айғайлауға шамам жоқ, сол кезде бір сіңлім атымды атап айғайлай бастады,қ айдасың деп, сол кезде анау мені жібере салды, сол кезде мен де төртаяқтап, еңбектеп, ашық жерге шығып үлгердім. 

Дірілдеп,сөйлеуге шамам жоқ, екі қызды қолынан ұстап, үйге қарай жүгірдім. Мамама айта алмадым, ол кезде әкем ішетін, мамам өшін менен ала ма, кілем қағатын хлопушкамен аямай ұратын. Ана жігіттің түрі әлі есімнен кетпейді. Әкеміз 10 күн ішеді де, 1-2 ай жақсы жүреді, жағдайымыз нашар болды, түске дейін киген киімді, екінші сменаға екінші қыз киіп баратынбыз, аяқ киім кім үйден ертерек шығады сонікі болатын, болмаса жыртық киіп барасың еріксіз. Содан мен 9 класс бітіріп, Алматыға мені училищеге түсірді, жасым 14-те, мектепке ерте барғамын 5 жасымда, әкемнің ағасының үйінде жатып оқыдым, бұл ағам да ішсе тоқтай алмай жатып ішеді. Бірақ жағдайы жақсы болды, содан ештеңеден тарлық көргем жоқ, сөйтіп ағамның бір запойында үйде сол кісімен жалғыз қалдым, ол кісі ұйықтап жатқан. Содан бір уақытта оянып мені шақырды, өзі әлі мас, мен ойымда түк жоқ жанына бардым, халатымның кеудесінен шап беріп, мені өзіне тарта бастады, мен шошып, жұлқынып қалғанда халатымның түймесі үзіліп, әйтеуір арпалысып қашып шықтым үйден. Тағы да мені құдай сақтап қалды. Содан жылап далада жүрдім, жеңгем келгенде бәрін айттым. Айқай шу болып жатқанда киімдерімді жинап, әкемнің қарындасының үйіне кеттім. Алдында автобуспен бір барып көргем, адаспай оңай таптым. Жылағаннан көзім ісіп кеткен, тәтем көріп шошып кетті. Үйде өзі ғана болған, бәрін айттым. Екеуміз еңіреп жылап, содан жатақханадан орын алғанша сонда болатын болдым, ол кезде енесімен тұратын, сонда қалуға рұқсат ала алмай жалтақтап бітті. Сонымен студенттік өмірім, жататқханада жалғасты.

2-ші курсты оқып жүргенде бір қыз ағам армиядан келеді, барып келейік деп, комнатада тұрған қыздарды шақырды. Ол кезде мен 15-темін, бәріміз жиналып бірге бардық. Алматының маңайындағы бір ауыл. Содан кешке отырыс болды, кісі көп, содан жастар жеке отырайық деп басқа үйге бардық. 20 шақты жастар, бәріміз отырмыз, содан есімді білмеймін, бірдеңе қосқан ішіп отырған соктарымызға ұйықтататын. Оянсам әлгі армиядан келген жігіт жанымда жатыр, үстімде киім жоқ, өзімнің ол кезде етеккірім келіп жүрген, төсекті қарасам қан-қан. Не болғанын түсініп, шыңғырып айғайлап жылай бастадым, бәрі ұйықтап жатыр, ана жігіт оянып мені жұбатпақшы болды. Киініп алып, басқа бөлмеге барсам, тағы үш қыз солай жалаңаш ұйықтап жатыр. Сол кезде 4 қыз зорланыппыз, әрең дегенде бәрін оятып, у-шу болып жылап-сықтап, жатақханаға қайттық. Содан мен қатты депрессияға түсіп, 4 күн аурып, сөйлей алмай жаттым. Ана жігіт кейін келіп менімен сөйлеспекші болды, қыз екенсің, мен саған жігітің болайын деп. Қайдан күш алғанымды білмеймін, қуып шықтым. Ал ана қыз бізді алып барған, сол кезде білді ма білмеймін, тағы бір қызбен үйіне қайтып кеткен. Сөйтіп күндер өтіп жатты, ол қызбен ешкім араласпайтын болдық. Өзіміз жиналғанда, бір жылап аламыз. Бір күні кешке қарай жатақханаға бір бандитсымақ бала келді. 90 шы жылдар ғой, рэкет деген көп болатын, сол сөздің өзінен қорқатынбыз. Естіген кезде, біз есігімізді жауып алып шықпауға тырыстық. Сөйтсек түнде әлгі бізді қонаққа апарған қызды сол жігіт зорлаған екен түнде. 1-2 айдан соң ба кейін, әлгі жігіт келді маған, кешірім сұрап. Қыздығыңды мен алдым, көз жасыңа қалдым, үйленейік деп. Мен ол кезде әлі 15-темі. Бірақ мен маңыма да жолатпадым оны. Сөйтіп оқуым бітті, диплом алдым. Әлгі тиіспекші болған ағам, өзінің күнәсін жуып-шаю үшін ба, білмеймін, маған Алматыда қал,1 бөлмелі үй әперем, дипломың бар, жұмыс істе, университетке түсірейін деді. Мен көнгем жоқ, қайтамын дедім. Осы болған оқиғалардың біреуін де шешеме айтқан емеспін, әлі де арамызда барьер тұрады, біраз кішкентайымда ұрғанын кешірдім, өзі ішкіш әкеммен 5 қызды асырау оңай болмаған соң, сондай болған шығар. Сонымен, өз қалама қайтып, жұмысқа тұрдым, ол кезде менімен жастылар енді ғана мектеп бітіріп жатты, мен мектепке 5 жасымнан барғам.

Түрім әдемі болған соң шығар, жігіттер көп қырындайтын. Ал мен ешкімге жолағым келмейді. Сөйтіп жүріп бір күні қазіргі күйеуіммен таныстым. Ол сол кезде біздің қаладағы техникумда оқып жүрді. Екеуміз кездесіп сөйлесіп жүрдік. Ол кезде күзде, сельхозкаға жұмысқа жіберетін, ол сонда кеткен. Бір кешке сол жігіттің ағасы келіп тұр, саған сәлем айтып жіберген, кешке келем, сонда айтам деп, мен аңқаулығым ба, балалығым ба, кешке шықтым, содан жүр мына жерде жүре тұрайық деп, мен келістім, сол неге бардым деп әлі өкінем, сөйтіп келе жатып, мені көтеріп әкетіп, зорландым. Қарсыласқанмен мен кішкентаймын, ол денелі болатын, әлім келмеді. Содан жылап, түн ортасына дейін далада отырып, түнде тыныш қана кеп жаттым, таң атқанша ойланып, таудан секіріп өлмекші болдым. Тауға барып отырып, секіре алмадым, қанша дегенмен жан тәтті екен. Сүмірейіп жұмысыма бардым. Содан жігітім келді, мен оны қатты жақсы көріп қалдым, ештеңе айта алмадым. Бірақ ол уже білген, әлгі аға сымағы мақтанып барды ма кім біледі, айтқан. Келгеннен өзін салқын ұстады, содан екеуміз кездесіп жүріп, ұрсысамыз, кетем, тастайм дейді, екі күннен соң, сенсіз күн көре алмаймын дейді, солай 2 жылдай жүрдік. Не мен кете алмаймын, не ол кете алмайды. Бір-бірімізді жақсы көреміз, арамызда ағасының істегені тұрған екен, мен де айтпадым. Содан менің аяғым ауыр болып қалды, сосын үйлендік. Сосын кейін тойдан кейінгі бір ұрыста ағаммен неге жаттың деп әбден ұрды. Өз ағаңа да тискізген өзің кінәлі деп. Енем ылғи ұрыстырып жүретін, не үшін ұрсып жатқанымызды білмейді, әйтеуір мәз мені ұрғанына, әбден айызы қанды, ұр-ұр деп. Кейінгі өмірімді жазсам, жеке бір кітап болатын шығар, енемнен де біраз қорлық көрдім,ол кезде біз басқа қалаға көшіп келгенбіз,5 этаждан секірмекші болдым,басымнан сотрясение алып ауруханада да жаттым,енемнің айдақтауымен болған.Қатты қызғаншақ, әлі күнге дейін қызғанады, бөтен еркек сөйлесе, ұрыс шығара салатын. Бірнеше рет кетіп те көрдім, бірақ маза бермейтін, жалынып жалбарынып қайтарып алады, сосын біраз уақыт өткен соң тағы концерт қоя бастайды, көбінесе енем бастап беретін, арғы жағы қызғанышпен, ұрыспен бітетін. Бірақ ішпейтін, шекпейтін. Атам ғана мені қорғап жүретін, ол барда бәрі тыныш. Сөйтіп алысып жүріп, өмірім де өте шығыпты .Өз ағам онкоголиядан қайтыс болды, балалары байлығын бөлісе алмай өзара соттасып, тоз тоз болып кеткен. Күйеуімнің ағасы 3 рет үйленді, әр жұмысқа тиіп қашып, тұрақсыз, онымен араласпаймыз. Ұлдарым өскелі, беталды сөйлегенді азайтты, бірақ қызғанғанын қояр емес. Үйде болса телефонымды қопарып, кім не жазды, кім звондады, бәрін ақтарып тексеріп шығады. Мынау неге звондаған, мынау саған не деді деп. Кейде келінімнен ұялам, беталды артық сөз айтып, көңіліне алып қала ма деп. Қазір 3 ұлым, 2 қызым бар, қыздарыма айтып отырам барлығын, байқап жүр деп, жасырмай маған бірінші келіңдер деп, ұлдарыма да түсіндіріп отырам. Үлкен ұлым қазір 25-те, үйленген, әйелін алақанында ұстайды, ол да менімен кішкентай кезінен енем, күйеуімнің маған көрсеткендерін көріп өскен соң ба, мені қорғап, әкесіне ауыз аштырмайды. Қалған ұлдарыма да айтып отырам, қыздың жасы ауыр болады, жылатпа, сыйла, қарындастарыңның алдына кеп жүрмесін, байқаңдар деп, қыздарымды да, жақын, еркін ұстаймын, керегін айта алатын, өзін қорғай алатындай өсіріп келем, сізге жазда жазылғам, содан бері оқимын, өзім туралы жүрегімнің бір түкпіріне тығып тастағам, кешеден, іштен тынып, онкологияға шалдыққан әйел туралы оқып, ішімдегіні шығарайын деп шештім. Күйеуім әлі де қызғанады, бірақ айғай шу шығарғанын қойды, енем де қартайды, өзінің артық кеткенін түсініп кешірім сұраған. Кешірдім.

Өзімді осының бәрінен психологияны,кітап оқудың арқасында алып шықтым,қарап отырсам бүкіл жастық шағым арпалысумен өткен екен, жақсы күндерім де болды, қазір осы барыма шүкір деймін, ал күйеуімді сол қызғаншақтығымен қабылдадым.

Ляззат Ракишева 

Instagram парақшасынан

Әпкем аяғым ауыр кезде «бала менің байымнан» деп бәле жапты
Жездем анамнан қалған менің атымдағы үйді тартып алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу