Құрсағымдағы шарананы қайтерімді білмей дал боп жүрмін

Oinet.kz 09-06-2023 2166

Жасым жиырма екіде. Сарыағашқа тұрмысқа шықтым. Күйеуім Атырауда вахтада жұмыс істейді. Ене, атаммен бірге тұрамын. Күйеуім ылғи жұмыста. Айдың жарымынан көбін далада өткізеді.

Screenshot_12.jpg

Екі ай болып қалды. Үйге келмей жүр. Жұмыс қауырт деп, əңгімеден қашып жүр. Күйеуім біреумен жүріп жүргендей сезініп жүрген жайым бар. Арамыз суып кеткендей. Келгенінде де құшақтап, мейірленіп мені жар жылуына бөлемейді.

Былтыр екі егіз сəбиді өмірге əкелгенмін. Енді жақында тағы да аяғым ауыр екенін білдім. Дəл қазір бала тууды қаламаймын. Тағы бір бала тəрбиелеуге дайын емес сияқтымын. Соңғы кезде жүйкем ширыққаны сонша, өзімді-өзім ұстай алмай жүрмін. Баламен үйде отырғаннан ба? Бір түрлі көңіл-күйім түсе береді. Əлі ешкімге жақ ашқан жоқпын. Күйеуімнің де салқындауы кəдімгідей менің көңілімді түсіріп тастады. Бірақ... Күнə жасағым келмейді. Жолдасымның хабарынсыз алдыруға жүрексінем. Үзілейін деп тұрған қарым-қатынасқа өзім нүкте қойып алармын деп қорқамын...

Ішімдегі кінәсіз шарананың жазығы не? Мына жарық дүниені сыйламай құрта салуға дәтім барар емес. Не істеймін? Ақыл беріңдерші.

el24

Толық болғаным үшін ешқашан тұрмысқа шықпайтын шығармын деген ой келетін
Келінім мені кешірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу