Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жаным жай таппай жүргеніне бірнеше күн болды. Қиналып кеттім əбден, сондықтан осында жазып отырмын. Бұл сырымды ешкімге айта алмаймын. Өзім өте тұйықпын, күліп жүргенмен, сырымды сыртқа аша бермеймін. Осыдан біраз бұрын бір курсқа бардым.
Мұғалім жас ағай екен, келбетті, сөзі нық, өзі өте ашық мінезді, күліп жүреді, əрқашан көмек қолын созып жүреді барлығына. Қалай екенін білмеймін, бірінші сабақтан кейін-ақ сол ағай аузымнан түспейтін болды. Қыздарды барлығы менен "ұнап қалмады ма" деп сұрайтын, ал мен "жоқ, ол өте адамгершілігі мол жан, өте білімді мұғалім" дейтінмін. Оның отбасы бар, бала-шағасы бар, ондай адамға жақындау ойымда да жоқ. Біреудің отбасын тек санасыз қыздар бұзады деуші едім, енді өзім де солардың тізіміне кіріп кеткенімді білмей қалдым. Иə, мен отбасылы еркекке ғашықпын, мойындамасам да шындық солай екен. Сабақта ағайдың қолы маған тиіп кетсе, біртүрлі болатынмын, теріс айналып кететінмін, бетіне тіке қарай алмайтынмын, кей кезде көздеріміз түйісіп қалатын, ондай кезде көзімді ала алмай қалатынмын. Күлдірту үшін қолымнан келгенді жасайтынмын, күлсе жаным қуанатын, кеткенше ойлайтынмын. Күнде сабаққа асығып тұратынмын, бірақ мойындамадым. Жақсы адамды кім жақсы көрмейді, адамгершілігіне бас иген, таң қалған түрім болар, мүмкін сабақ қатты ұнайтын шығар деп өзіме-өзім сылтау іздейтінмін. Бірақ міне, сабақ біткеніне, ол кісіні көрмегеніме 3-4 күн болды, маған өте қиын, тынысым тарылып барады, жалғыз қалсам оны қатты іздеймін, түнде ұйықтай алмаймын, оны енді көрмейтінім есіме түссе жүрегім қатты ауырады. Күн өткен сайын алыстап бара жатыр арамыз, енді сөйлесе алмаймын, енді ешқашан көрмеймін. Оның отбасын бұзу, орталарына от салу деген ит ойым жоқ, əрқашан "отбасы аман болсын, бақытты болсын" деп тілеп отырамын, маған көз алдымда жүргенінің өзі, күнде көргенімнің өзі бақыт еді, көзіммен құшатынмын, еркелететінмін, енді ол алыстап кетті, артта қалды. Енді не болады, қалай болады білмеймін, бір білетінім жүрегім жанымды жегідей жеп жатыр... мен қазір не тірі емеспін, не өлі емеспін. Жағаға шығып қалған балық сияқты солып барамын. Менің бауыр басып қалған, 4 жыл бойы сөйлескен адамым бар-тұғын. Қосылмайтынымызды білсем де, қимай келе жатқаныма 2 жылдай болған, жібергім келмейтін, сол адаммен сабақтың 3-ші күнінде қош айтысыппын. 4 жыл бойы бауыр басқан жанды 1 күнде ұмыттым... жалынғанына қарамай, шығарып салдым. Құтылғаныма, осылай бəрі оңай біткеніне қуанып жүргем, сөйтсем алдымда оданда қатал сезім, одан да қатты сынақ күтіп тұр екен ғой. Бар түсінгенім, менің махаббатта ешқашан жолым болған емес, жүрегім қосылуымыз мүмкін емес адамдарды таңдайды, нəтежиесінде мен қатты қиналамын... Қалай ұмытам?
Жанна