Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Әйгерім Сәдуақасова – украин жігітіне күйеуге тиіп, Қазақстаннан кеткен әйел. Украина мен Қазақстанның айырмашылығы туралы бізбен әңгімелесті.
— Туған жеріңіз қайда?
— Жамбыл облысындағы Жаңатас дейтін шағын қалада туылдым. Сосын Алматыға көштік. Алматыда оқу бітіріп, күйеуге шықтым. Күйеуім украин жігіті. Ол Қазақстанда тұрғысы келмей, біз Украинаға көшейік деген шешімге келдік.
— Өзге елге үйрену қиын болды ма?
— Қиын. Әлі үйренісіп келемін. Алматыда орыс-қазағы бар түрлі ұлттар, көзі, түсі мен түрі әртүрлі адамдар көп еді. Киевте бәрі бір этностың өкілдері. Маған бәрі таңырқап қарайды. Мені тіпті «чурка» деп табалағанды да бірінші рет осы Киевте көрдім.
Жалпы, мұндағы адамдар жаман емес, бірақ маған бірұлтты елде өмір сүрген біртүрлі көрінді.
Мұнда елдің бәрімен орыс тілінде сөйлесемін, бірақ Киев тұрғындарының көпшілігі Батыс Украинаның өкілдері. Украинша сөйлейтін ешкім маған «неге орыс тілінде сөйлейсің» деп соқтыққан емес.
Украина Қазақстаннан 5 жылға артта қалған
Украинада әлі де бюрократия. Ұзын-сонар кезектер. Қазақстанда мұндайды баяғыда ұмытып едік. Өткен заманға түсіп кеткендей боласың. Электронды үкімет, бір терезе деген нәрселер енді ғана енгізілуде. Жұрт әлі де «домовой книга» ұстайды.
Бірақ қазақтарға қарағанда украиндардың көшедегі мәдиенттері жоғары. Тіпті автобус пен маршруткаға мінерде де кезек сақтайды. Бірін-бірі итеріп, баса-көктейтін ешкім жоқ. Жүргізушілері де елдің бәрі орнығып алғанша асықпай күтеді. Жастар үлкендерге міндетті түрде орын береді.
— Жергілікті тұрғындар сізді қалай қабылдайды?
— Түрім азиялық болғаннан кейін жасы да кәрісі де мені көргенде елең етеді.
Бірақ күйеуімнің отбасы мені жылы қарсы алды. Күйеуім тамақты керемет пісіреді. Мен көбіне үй жинау мен тәтті десерт пісірумен ғана айналысамын.
— Украин тілін үйреніп жүрсіз бе?
— Әрине. Мұнда украин тілін тегін үйретеді. Бірақ орыс тілін білетіндер үшін украин тілін меңгеру қиындау соғады екен. Сөздері бірдей жазылады, бірақ айтылуы мүлдем басқаша. Грамматикасы да орыс тілінен тым бөлек.
— Екі елдің арасындағы 5 үлкен айырмашылықты атай аласыз ба?
— Электронды үкімет Қазақстанда баяғыдан бар, Украинада енді енгізілуде.
Таза ағылшын тілінде оқытатын мектептер мен университеттер Қазақстанда көбірек.
Сосын Киевте күннің ыстығына шыдау оңайырақ, Алматы сияқты қапырық жоқ, Киевтің самал желі жақсы.
Украина көпұлтты ел емес. Әрі Украинада жердің әр пұшпағы тиімді пайдаланылады. Халық бәрін өсіреді. Кейде көлікпен бір қаладан екінші қалаға барғанда терезеден бос жер көрмеймін, барлық жерде әйтеуір бірдеңе егіліп, өсіп тұрады.
Украина еркектері әйелдерді қатты сыйлайды.
— Казақ пен украиндардың айрмашылығы қандай?
— Енді мен өз түйгенімді ғана айта аламын. Бірінші күйеуім қазақ еді. Мамасының баласы болатын. Қазіргі күйеуім – кез-келген шешімді өз бетінше қабылдай алатын еркек. Ол ата-анасына мені көрсетіп, үйленемін деді. Болды. Оған ешкім де қарсы болған жоқ.
Қазақтың еркектері анасының айтқанынан шыға алмай, әке-шешесіне көп жалтақтайды. Ондайды талай рет көрдім.
Қазақтарда егер жігіттің шешесі «мына қызға үйленбейсің десе», баласы үйленбейді. Солай ғой?
Ал менің күйеуім өзі ойланып-толғанып, өз шешімін қабылдайды. Бас салып әке-шешесімен ақылдаса жөнелмейді. Бірақ қандай мәселе болса да әйелімен ақылдасады.