Түркістан полицейлері имамдармен бірлесіп интернет-алаяқтармен күресуді қолға алды

Oinet.kz 02-02-2026 48

Интернет-алаяқтықтың алдын алу және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімі профилактикалық жұмыстарын мешіттерде жалғастыруда деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Түркістан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Жұма намазы кезінде аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Мақсат Сейдуалиев пен аға учаскелік полиция инспекторлары мешітке жиналған жамағатқа интернет-алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері азаматтарға күмәнді сілтемелерге өтпеу, белгісіз нөмірлерден келген қоңырауларға сенбеу, жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу қажеттігін ескертті. Сонымен қатар тұрғындарға кез келген күмәнді жағдайда туындаған сәтте 102 нөміріне хабарласу керектігі айтылды.

Салып жатқан үйлеріне орысша атау қойған құрылыс компаниясының басшысы сынға ілінді
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу