Қайсар Қауымбек. «Ауылға барғанда»

Oinet.kz 03-10-2018 1223

Өзекте ауыл. 

Өрттей жанған кешқұрым, 

Өзегімді тырнайды кеп ескі мұң. 

Құбылаға жинады күн сәулесін,

Құйрығындай қанжирен кіл бестінің 


Бура бұлтты есіп өткен сарбауыр, 

Мына көк шың – қанға малған қандауыр. 

Аулақ барып ыңыранып шөкті де, 

Ауырсынып ауық-ауық аунады. 


Саяқ кеткен жылқы үні де үрейлі, 

Сапырады бір ой қуып, бір ойды. 

Жортуылдан жеткен Жетіқарақшы, 

Құба қырдың желкесінде түнейді. 


Жез киіктің сауырындай мұңлық ай,

Көкжиектен қашады ұзап құлдырай. 

Жүрегімдей жүдеп қалған ауылдың, 

Жетімсіреп жатқан осы тірлігі-ай!

Қайсар Қауымбек. «Қоштасу»
Қайсар Қауымбек. «Кешіккен көктем»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу