Күләш Ахметова. «Қазақстаным»

Oinet.kz 03-10-2018 1341

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар

Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.

Паң далам - Қазақстаным!

Сен барда ғажап шебер, ғажап ұстамын,

Түсінем өзендердің саз - ағыстарын.

Қырандар қанатында даңқы кеткен

Ғазалым - таусылмайтын таза нұсқалы.

Ән далам - Қазақстаным!

Сен менің шұғылаға толған даламсың,

Жасампазым, сан асу жолдарды аларсың.

Бабамның көздерінің қарашығы ең,

Баламның бақытына да қорған боларсың.

Жан далам - Қазақстаным!

Керемет өріледі гүл өңірде өлең,

Кезің қандай өрік пен шие гүлдеген!

Дарқандығын сезініп, еркін басып,

Өмір сүргім келеді, ұлы Елімде мен!

Кең далам - Қазақстаным!

Күләш Ахметова. «Жазылған жырлар»
Күләш Ахметова. «Алтыбақан»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу