Жандарбек Жұман. «Құн...»
Мазалайды тұман ойлар көп мені,
Бәрі-бәрі байқап тұрсаң өтпелі.
Біз бағалы дейтін алтын уақыттың,
Біраз болды құны түсіп кеткелі.
Бұл да болса ащы өмірдің шындығы,
Адамзаттың шығып жатыр мұңды үні.
"Достық" деген ұғым бар ед киелі,
Ол да құнсыз боп барады бұл күні.
Кем тұсымыз жаза берсең мол әлі,
Сайқалдықдың соғып жатыр бораны.
Махаббатты арзандатып үлгердік,
Ал,рахаттың құны одан жоғары.
Шын сезімнің лауламас ед оты олай,
Өз құныңды түсірмесең,ботам-ай!
...Адамдықтың арзандатсақ бағасын,
Жамандықтың бәрі болад! Оп-оңай...