Ескен Елубаев. «Алшы»

Oinet.kz 24-09-2018 1200

ed6e713a0937ffc953ce0ec8f4d88e75.jpg

Ақ кимешек басында,

Ақ ниетті сөзі де.

Аппақ еді шашы да,

Ақ қағаздай өзі де.

Әжем бізге жекіріп,

Көрмепті ғой әліге.

Пияздай боп отырып,

Шертетұғын әңгіме.

Ыңғай маған жақтасып,

Арашаға түседі.

Ұрысса жұрт даттасып,

Жаны күйіп піседі,

Әжем күллі адамды

Мүсіркейтін жаны ашып.

Кейде сұрап сақамды

Отырады бал ашып.

- Менің күнім, жарқыным

Сүре ме өмір бақытты,-

Өстіп өзі әр күні

Өткізеді уақытты.-

Болар ма екен қарағым

Шалқып жатқан дәулетті.

Күні болып даланың,

Абыройлы, әулетті.

Алшы тұрсаң, асылым

Бақытты өмір сүреді,-

Алшы тұрса асығым,

Нұрланады, күледі.

Шаттанады нұр шашып,

Сәуле ойнайды көзінде.

«Ыңғай алшы тұрсашы»,-

Деп тілеймін өзім де.

Әмән алшы тұрсын деп,

Өзім де әуес болғасын,

Тәйке жағын тестім де,

Құйып қойдым қорғасын.

Ескен Елубаев. «Алтын заман»
Ескен Елубаев. «Астанаға»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу