Ерболат Баятұлы. «Күзгі романс»

Oinet.kz 20-09-2018 1034

photo_85653.jpg

Көкшіл мұнар жеткізбес шақырымдай,

Сынық ескек көк теңіз көңілді есіп.

Күз жылайды кемсеңдеп, ақырын жай,

Жапырақтың жүзінен өмір көшіп.


Көлеңкелеу ажарды шырай шалып,

Қайран жүрек көңілді ән сұраған.

Сенің мұңсыз күндерің жылай салып,

Уақыттың бетіне тамшылаған.


Жыл құсының сызатын қанатындай,

Сен де күлші, жарқыным, күлсін ғалам.

Әлсіз жүрек сияқты соғатын жай,

Мейірленген шуағын шымшымдаған.


Қош айтысып барады тағы құстар,

Сола көрме ертерек, ерке гүлім.

Күз әуенін айтады сағыныштар ,

Жапырақ ғұмырлардың келтелігін.


Үндемей ме мен жайлы әдемі ай түк,

Бес күн емес, бес жылда көрмегендей.

Қайтқан құстан көктемге сәлем айтып,

Сағынып жүр ме екенсің сен де мендей.

(15.09.2019 жыл)

Ерболат Баятұлы. «Тастағы жазу»
Ерболат Баятұлы. «Өзгермейтін...»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу