Мұқағали Мақатаев. «Аякөз - ару»
Аякөз,сірә,аядай бұлаң көзі емес,
Аяулы, сірә, қыз болар.
Ақиқат бағып,анықтап жатар кез емес,
Белгісіз, досым,белгісіз түр ғой бізге олар.
Белінде мынау берігіп жатқан қырлардың,
Бейіттен бөлек, белгісі жоқ-ты қыздардың,
Кезінде, сірә, қызғалдақ болып гүл жарды,
Түндігін тесіп туыргын жатқан мұз-қардың.
Бүр жарды,
Кетті.
Өмірді мәңгі мансүқ қып,
Соларды іздеп,сорларды талай қаңсыттық.
Қойғаны-ай, шіркін,өмірдің қатал заңының,
Оларды бізге,оларға бізді таңсық қып.
Аякөз - деген -аядай бұлақ деседі.
(Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?)
Аякөз болып.ғасырлар алға көшеді,
Аякөз,- Арулар елі кешегі!