Абай Құнанбайұлы. Қуатты оттай бұрқырап
Ќуатты оттай бұрќырап,
Уәзінге өлшеп тізілген.
Жаңбырлы жайдай сырќырап,
Көк бұлттан үзілген.
Ќайран тіл, ќайран сөз —
Наданға ќадірсіз.
Тәуекел мен батыр ой
Өткір тілді найза етіп,
Сайысып-аќ баќты ғой,
Неше түрлі айла етіп
Оянбай, ќайран жұрт,
Ұялмай ќал жым-жырт!
Аќылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұќпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз
Бар тамырды ќуалар.
Ән салар, жатќа алар,
Түбінде ќұр ќалар.