Мұқағали Мақатаев. «Күн жылыған, жер жібіген»

Oinet.kz 28-08-2019 845

1450429369_3a4a2274e8d7a715dc31bd6a5e55551f.a1762bf7cb196e15ffcd4a1b4e9173c413989.jpg

Күн жылыған, жер жібіген,

Құстар келген шақтарда,

Төрдегі өрген төрт түлікке,

Төл жамырап жатқанда,

Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,

Бірде шалқып,бірде жанған, бірде өшкен оттарға.

Естігенде сазға қонған сарыала қаз саңқылын,

Көктем келіп қалыпты-ау деп,табатын-ды жан тыным.

Қара нөсер төгіп тұрған қара бұлт ішінен;

Аңғарушы ем айқүш-ұйқыш,алмас қылыш жарқылын.

Содан жаз кеп, ен жайлауға - Шалкөдеге көшкенде,

Алдымыздан аңқушы еді айғай тастан ескен жел.

Туған жерін өмірбақи ұмытпасын деген ғой,

Айналайын аналарым кіндігімді кескенде.

Содан ба екен, қалам тартсам, жыр тумайды жерімсіз,

Мен сеземін, күтіп жатыр,күтіп жатыр, тек үнсіз.

Туған жердің топырағын сүйе алмасам мәңгілік,

Онда мені қалды деңдер көмусіз де кебінсіз...

Мұқағали Мақатаев. «Міне тағы ашу келіп алқымыма тығылды»
Мұқағали Мақатаев. «Күн бүгін күңіреніп»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу