Ұлтымыздың ұлы тұлғаларының асыл мұралары

Oinet.kz 24-10-2023 275

Тахауи Ахтанов әрбір көшпелі туындысына қажетті өмірлік материалдарды әрқашан ашық карьерден ашық әдіспен алғаннан гөрі, соны терең горизонттан шахталық әдіспен алғанды,үнемі мұрат тұтып, үнемі ұстанумен болатын сол эстетикалық-көркемдік принципінен  айнымайтын сирек суреткерлер санатына жатады. Мысалы, «Шырағын сөнбесін» романы үш кітаптан тұрады. 

Screenshot_16.jpg

Жазушы романды жазуға тез арада кірісіп кетті, ал сонау сұрапыл жастық шағына қайта оралған, он тоғызы мен жиырма бесі арасындағы аласапыран өмірдің, Ұлы Отан соғысы кезеңінің бүкіл атмосферасын да, барша шырғалаң шақтарын да, өз қаламына қажеттілерін де әлі түгесіп әрі мол жазып үлгермеген жазушының романына  отырмауы, көп жылдар бойына қазынып жазбауы мүмкін емес еді.

Тахауи Ахтанов «Шырағың сөнбесін» романына Ұлы Отан соғысының басталған шағын,1941 жылдың жаз айнан 1943 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңді арқау еткен. Романда әр қырынан тамаша бейнелгеніне біздер тағы да бір ерекше толқыған сезіммен көз жеткізе түсеміз.

Жазушының қаламгерлік талаптарын өзгелерге қалай қойса, соны өзіне қойған тұста мейлінше тым қатал болып кететінін әрқашан нақты байқаймыз.Өйткені, шын мәнінде, ең алдымен шынайы түрде өзіңе-өзің пір бола алмасаң, өзгелерге қалай пір боласың? Сөзінің, ой-пікіріңнің, шығармаңның елден ерекше  де дуалы сиқыры болмаса, халқыңның небір асыл қасиеттері мен дәстүрлері, ұлт ретіндегі небір кіршіксіз өнеге моральдері  әуесқойлық   әлеуләйлімге, демагогияға айналып кететіні бар.

Жазушының әрбір шығармасы керемет суреткердің қатарында өз орны ерекше ойып салған. Оған дәлел ретінде- «Шырағың сөнбесін» романы. Бұл тек белгілі бір дерек үшін тіркей салу немесе патетикалық тікеу үшін емес, шынайы толқумен, шынайы тебіренумен, шынайы мақтаншақтықпен айту үшін.

Автор романға дейін өзінің Ұлы  Отан соғысы туралы айтқысы, көрсеткісі, бейнелегісі, суреттегісі келгендерін  «Қаhарлы күндер» романында Ержан, Мұрат, Раушан, Күланда, Көжек, Қартбай, Кусков т.б. Суреткер, міне «Шырағың сөнбесін» романында да өзінің сонау жастық шағына қайта оралып отыр. Жазушы романда «Шырағың сөнбесінде» Ұлы Отан соғысының басталған шағын, 1941 жылдың жаз айынаннн 1943 жылдың қыркүйек айына дейінгі кезеңді арқау етті. Романда әр қырынан тамаша бейнеленгеніне біздер тағы да бір ерекше толқыған сезіммен көз жеткізе түсеміз.

Әрбір шығармасы сайын «мың өліп, мың тірілетін» суреткердің қатарында Тахауи Ахтанов өз орнын ерекше ойып алған. Бұған дәлелл ретінде осы шығармасын айтуымызға болады.. Романның ең басты жаңалығы мен басты табысы-автордың Нәзираға, бас кейіпкер Нәзираның ұлы суреткерр жазушының айнала білгенінде.

Меніңше, романның арқауына алынған оқиғаның бәрі-баршасы қазақ қызы, қазақ әйелі Назираның басынан кешкеннннннні тағдыры арқылы баяндалған. Ол  Нәзираның басынан кешкен тағдыры...

Нәзира- көзі ашық, орта мектепті бітіре сала тұрмысқа шыққан бойжеткен. Кейіпкер соғыс басталған жылы тұп-тура он тоғыс жаста. Жиырма бестегі жас офицер, кіші лейтенант Қасымбек Еділбаев елге демалысқа келгенде, сонымен қол ұстасып кете барған...

Ең бастысы, Нәзира өзіне келгенде өте сыншыл, ұдайы сын көзбен қарап бойындағы кемшіліктерін өткір мінеп, бірде күлкіге-бірде қалжыңға сыйдыра отырып, қазақи ұғым мен болмысқа сай юмормен уытпен әшкерлеуге келгенде айрықша биік, айрықша табиғи, айрықша жалпы сипатымен көзге түседі. Сондықтаннн романды автор емес, бас кейіпкер Нәзира жазып шыққандай әсер етеді. Соны тек жазушы қағазға түсіргендей көрінеді.     Тахауи Ахтанов жастық шағына қайта оралыпппп, өзінің прозадағы аққу әкі болған «Шырағың сөнбесін» атты көркем романы арқылы өзінің қаламгер екендігін көрсете білді десек те болады. Романдағы көркемдік табыстар меншеберлікті бір кітапқа сыйдыру мүмкін емес... Өкініштісі сол, жазушының тірі кезінде, мұны ең жақын, етбауыр әріптестері дәм үстінде, оңаша сырласу барысында әдемелеп айтқан да болар, бірақ, осы бір ғажапр дүниені көзі тірісінде ресми түрде айта айталмағанымыз рас. 

Бірақ, өкінішті...

Енді төрткүл дүниеге танымал болған ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы турасында толғансақ.                                      

Бұл – адам көз сүйегі, – деді ханға.

Тоя ма адам көзі мың мен санға?

Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,

Өлсе тояр, көзіне құм құйғанда...

Ондаған ғасырлар бойы батыс пен шығыстың талай елінде Ескендірдің

жорық жолын дəріптеген көптеген туындылар дүниеге келді.Фирдоуси

«Шахнамасында»,Низами «Ескендірнама» атты дастанында,Жəми

«Ескендірдің даналық кітабында» жазып,оның образын

данышпан,ақылды,батыр деп ардақтап көрсеткен,Александр Македонский

туралы тағы да тарихи еңбектер де,фольклорлық туындылар да,əдеби

шығармалар да аз емес.

Абай Құнанбаев жазған «Ескендір» поэмасындағы басты кейіпкер-

Ескендір. Ежелгі Македония шаһарында Филипп патшасы өмір сүріпті, уақыты жетіп өмірден өткен соң, таққа   баласы Ескендір  отырады. Ескендір таққа  отырысымен - ақ мұздай  қаруланып, жан - ағындағы  көршілес  мемлекеттерді  бағындыруды көздейді. Әр жасаған шабуылы сәтті шыққан сайын, араны барған  сайын ашылып, дүние  жүзіне әмірімді  жүргізсем  деген сұрқиялыққа басады. Сөйтіп атағы талай  жерге жетіп, бір шама белестерді бағындырып үлгереді.

Күндердің бір күні Ескендір жасағымен бірге елсіз шөл далаға тап болады, бір жұтым суға зар болып қалады. Шыдамсыздықпен жанындағы қызметкерлерді өлтіруге бел байлап тұрған сәтінде, бір сәулені көзі шалып жанына  жетіп барады. Тұп- тұнық мөлдір бұлақты көргенде өз көзіне өзі сенбей, бірден жасағын ертіп, шөлдерін қандыруға шақырады.

Ескендір бойына жан шақырып алған соң:"О,ғажап,мына жердің суында ерекше тәтті дәм бар екен, демек бұл жердің өзіде қасиетті болмақ! Қайтсемде мына байтақ даланы уысыма түсіремін. " - деп алты қарыс азуын қайрай бастайды. Алған беттерімен өрге қарай ілгерлей берді, кенет алдыларынан алып қақпаны кездестіреді. Бар күштерін жұмылдырып, қанша ашуға тырысқанымен, әл - дәрмендері жетпейді. Ескендір:"қақпаны ашыңдар" деп айбатымен  айғайға  басты,сонда  қақпа ішінен :

Қақпаны  саған  ашуға  рұқсат жоқ, мықтымын деп мақтанбай - ақ қой, мықты болсаң өзіңнің нәпсіңді жең!" - деп біреу жауап қайтарады.

Солай ма?!Дегенің болсын ендеше, ел - жұртыма айтып  барайын  қонақжайлығыңды, алыстан келген қонаққа  сый  құрметің бар болар. 

Ескендір айтып  ауыз  жиғанша, қақпа сыртына орамалға  оралған зат лақтырылды.  Дән риза  болып, орамалдың ішін ашып қараса, кеуерсіп қалған қу сүйекті көзі шалып,"Бұл тағы қай мазағы?" - деп ашуға  бұлығып, қу сүйекті лақтырып жібереді. Осы  сәтте жолдасы Аристотель жердегі сүйекті алып,таразының бір жақ басына  қояды,екінші жақ  басына алтын мен күмісті қойғанда сүйектің салмағы басым болып тұрды. Бұған назары  ауған Ескендір алтын - күміске өзінің қару - жарағында қоса қояды, алайда ештеңе өзгермейді. Сонда Аристотель бір уыс топырақты сүйек үстіне шашып қалғанда, сүйек қисайып барып жеңіл тартып қалады.

Істің байыбына бара алмай тұрған Ескендірге Аристотель былай  деп түсіндіреді: Бұл адамның көз сүйегі, адам баласының бұл жалғанда ештеңеге көзі тоймасы анық, тек қара жер қойнауына кіріп,топырақ жамылғанда ғана ашкөздігі толастап,сабасына түсетіні хақ.

«Ескендірдің» қысқаша тағдыры осындай. Осы поэма арқылы қалың қазақ өзінің рухани тарихында Александр Македонский туралы қазақша түсінік, тұжырым қалыптастырды, өзгенің жеріне, байлығына көз тігудің әділетсіз екеніне тағы да көз жеткізді. Ресей отаршылығының қасіретін тартқан қазақ халқының азаткерлік санасын оятуға қадам жасады.

Поэмада Абай жауыздықты, ынсапсыздықты әшкерелей отырып, өмірдегі, жеке адамдар басындағы ондай қан құмарлық, көрсеқызарлық сияқты адамгершілікке жат пиғыл мен жауыздық іс - әрекеттерді ақылдың, білімнің, парасаттың, адамгершіліктің жеңіп шығатындығын, білек күшінен білімнің, парасат пен даналық күшінің артықшылығын көрсете білді. Абай өзінің басқа да шығармаларында адам болу идеясын жоғары қояды. 

Ал, балалар жазушысы Бейбіт Қойшыбаевтың «Біз  табысар  қиырлар») еңбегін оқысаң балалық шаққа сапар шеккендей боласың. Кітапты оқу барысында пролетариат көсемі В.И.Ленин туралы  оның өмір баяны  қарапайым шаруалардың көсемі болғанға дейінгі өмір жолы қызықтыда көркем бейнеленген. Бұл кітапты оқу барысында, бір сәт бала кездегі оқыған шығармаларың және өзіңнің мектеп кезіңдегі оқушылық  өмірің  көз алдыңнан  кино секілді  өтеді. Осы кітапты оқи отырып бір сәт мектеп өміріне және фантастикаға берілсем келесі бір сәтте  аға ұрпақтың  тағлымды тарихын оқып, өнеге алдым. «Тәжірбие, қоян және біз» повесінде достардың арасындағы адалдық, олардың еңбекке араласып өзара түсініспеушілікке қарамастан дос болып жеңіске жету. Ия, бірінші бөлім кейіпкерлері туралы  айтар болсам 70-80 жылдардағы оқушылар өмірінен сыр бергендей. Мектеп табалдырығын  аттаған сәттен бастап  «Оқы және оқы» деген ұранмен «Күн көсем» туралы ән-жыр, өлеңдер оқып, көсем бейнесі бар «значок» тағып, орта  және жоғарғы сыныптарда пролетариат көсемі В.И.Лениннің  еңбектерімен ұранын жаттап,  «Пионер», «Комсомол»  деген атқа ие болып өстік, дегенмен сана –сезіміміз жақсы бағытқа бет бұрып өз заманымызға лайықты тұлға боп өстік деп ойлаймын! Кітапты оқи отырып, тақырыбына назар аудардым. Автор «Біз табысар қиырлар» дегенде нені меңзеді екен  менің түсінгенім бойынша «табысу» - кездесуді білдірсе, мұнда оқырманның әр кезеңі кейіпкерлерімен кездесіп, ойша тілдесуі ме екен, бәлкім.! Ал енді «Қиыр» сөзіне келер  болсам, «Барар  да пенде  шахарға,  сан  шақырып жатса қиырлар» деп ақын жырлағандай, әр кезең – бір  қиыр дегені деп білемін!, яғни «алыс», алыс» жер сөзімен мазмұндас. Пионер, комсомол шақта жеткіншектер өте еңбекқор, талапшыл, ұйымшыл әрі жауапкершілігі мықты, үлкенге – құрмет, кішіге қамқор мінезді  болып қалыптасты. Бұл кездегі үлкндердің, ата - аналар мен мектеп мұғалімдерінің ерен еңбегінің жемісі. Әр бөлімдегі әңгімелер көрініс берген әр әңгіменің идеясы – еңбек адамының образын сомдау болып табылады .

Фантастикалық хикаялар  бөлімі ғарыш әлеміне, қиял-ғажайыптар әлеміне сүңгігендей  болдым. Бұл бөлімнің де өз оқырмандары болатыны анық. Төртінші повестер бөлімін оқу барысында ауылдағы балалар өмірі мен шым-шытырық оқиғалар желісі тамаша  шеберлікпен жазылған. Туған өлке мен тамаша тау - тас  сырына қанып өскен ұрпақ елінің елжанды азаматы болып өсері анық. Шым- щытырық оқиғаның жас кейіпкерлері мектеп оқушылары, олар қиындыққа мойымай, көнекөз қариялардан кеңес алып, өз тарихына  қызығушылықпен  аса ыждақатпен  кіріседі,  өзара қолдау,  өзара  жәрдем беру сияқты асыл қасиеттер кейіпкер бойынан табылады.

Халқымыздың біртуар азаматы  Саттар  Асқарұлы Ерубаев туралы «Мәңгілікке жол» повесін ерекше атап өтер едім. Өмірі өте  қысқа болса да өнегелі жол екені даусыз. Әттең ... Туған еліне,  халқына қызмет етуді өзіне ұран еткен ерен тұлға, аз ғұмырында  борышын поэзия қарумен, қаламмен  өтеп, өлеңіне қосып  өтті. Менің жасөспірім шағымызда  сүйіп оқыған басылымдарым «Лениншіл жас», «Пионер» газеттерінің алғашқы редакторы қызметінде еңбек етіп, комсомол жастар тәрбиесіне алаңдап сол үшінде жұмысынан қуылғанына қайғырсамда, бірақ сол кездегі халық комисары Т.Жүргеновтың қолдауымен қызметке кірісіп, журналистика майданына қайта кіргеніне қуандым. Оның қаламдас серігі досы, жан серігі Зейн Шашкин оның жары Жәмиланың да өнегелі өмірі қызықтырды. Бұл кітап  совет одағы кезеңді еске түсірседе өз оқырмандарын қызықтырады деген ойдамын.

Тарихшы, жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеуші ғалым Мұхтар Мұқанұлы Мағауин 1940 жылы 2 ақпанда Семей облысының Шұбартау ауданында дүниеге келген. Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан. 1962 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін, 1965 жылы оның аспирантурасын бітірген. Еңбек жолын 1965 жылы бастады. "Қазақ әдебиеті" газетінде бөлім меңгерушісі, 1967-1971 жылдары "Жазушы" баспасында бас редактордың орынбасары, Қазақ КСР Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген, Мәскеуде М.Горький атындағы Әдебиет институтында қазақ фольклоры мен қазақ әдебиеті тарихы бойынша арнайы лекциялық курстар жүргізді. 1983-1984 жылдары еркін шығармашылық қызметте, 1984-1986 жылдары "Жазушы" баспасының бас редакторы. 1987 жылы еркін шығармашылык қызметте, 1988 жылдан бері "Жұлдыз" журналының бас редакторы болып қызмет жасады. Ең алдымен әдебиет тарихшысы ретінде танылды. Мұхтар Мағауин жары Бақытжамалмен төрт ұл, екі қыз тәрбиелеп өсірді. Олардан жиырма шақты немере, бес-алты шөбере сүйді. 

“Кешқұрым” атты тұңғыш әңгімесі 1964 жылы “Жұлдыз” журналында жарияланды. "Көкмұнар" (роман, 1972), "Бір атаның балалары", "Көк мұнар", "Аласапыран" (тарихи роман-дилогия, 1980-1982), "Шақан Шері" (роман), "Мен" (ғұмырбаяндық роман-хамса), "Құмырсқа-қырғын" (әңгімелер), "Ұлтсыздану ұраны" (мақалалар) және тағы басқа кітаптары жарық көрген.

Ал енді «Қобыз сарыны» атты ғылыми монографиясы 1968 жылы жарық көрді. “Қобыз сарыны” монографиясында XV - XVIII ғасырдағы хандық дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларын жүйелі түрде талдады. Ол жан-жақты зерттеушілігі мен жанкешті еңбегінің арқасында әдебиет тарихына Қазтуған жырау, Асан қайғы, Шалкиіз, Жиембет, Марқасқа сияқты жырауларды да дәлелді түрде әдебиет тарихына енгізуге белсене атсалысты. Дербес қазақ атымен аталатын төл тума əдебиеттің ХV ғасырдан басталатынын дəлелдеуді мақсат еткен ғалым сол кездегі ғылыми зерттеушілік ой-пікірде аңыз кейіпкері деп күмəнмен біржақты қарастырылып, төл əдебиет бастауы тұрғысынан мойындала бермеген жыраулар тұлғасындағы қайталанбайтын өнерпаздық қасиеттерді толғау жанры негізінде талдап, осы дəуір сөз өнерін түбегейлі зерттеуге жол ашты. Мұхтар Әуезов айткандай, «аңыз әңгіменің тарихтық адамды біржола өзіне ұқсамаған әкететiнi болмайды... Әрбір аңыз әңгiменiң болған адамның шын кескiнiнiң түбегейлі ерекшеліктері жүреді».

Əдебиетші ХV–ХVІІІ ғасырларда өмір сүрген жыраулар шығармашылығының арқауы ұлт өмірінің маңызды мəселелері екенін жыр-толғауларымен дəлелдеп, олардың өнерпаздық болмысының көркемдік арнасы өз бастауын көне дəуірдегі түркі əдебиетінен алатынын тарихи сабақтастық тұрғысынан айқындап: «Туған əдебиетіміздің түп негізі көне дəуірге - түркі тайпалары əлі жеке-жеке халық боп жіктелмеген, ортақ мəдениет, ортақ мұра жасап жүрген кезеңге барып тіреледі. Ал туыстас түрік руларының бір тобы қазақ деген атпен бөлініп, өз мемлекетін құруымен байланысты, ХV ғасырдың орта шенінен бастап дербес, қазақ атымен аталатын əдеби аренаға шығады. Бұл жайында мына жолдарында айқын жазған. «Қазақ даласына Асан Қайғы немесе Асан Ата жайындағыаңыз әңгімелер кеңінен тараған дедік. Бұл реттегi белгiлi легенданың бірі - «Ежен хан мен Асан». Ертеде қазақ Ежен хан дегенге карапты дейді аңыз. Тізесін бұрынғыдан да батыра түспекке сылтау іздеген Ежен халыққа: «Қорадағы биелерім құлын тастайды, айғырын кісінетпесін», - деген жосықсыз талап кояды. Жұрт қысылғанда хан каһарының бар тауқыметін көтеріп алмақ боп белсеніп шыққан - жас бала Асан болады. Бала қасына ерткен қырық мергеніне жолай кездескен ауылдың иттерiн атқыза берiптi. Алыстан келген елшілердi қабылдағанда Еженнiн ең алдымен бiлгiсi келгенi осы содырлықтың себебі. Асан берген жауап мынау болады: «Жас кезімде қозы бағып жүргенде қозыма қаскыр шапты. Бар даусыммен айғайлап ойдың итін шақырдым, - келмеді, қырдың итін шақырдым, - келмедi, қаланың итін шақырдым, - келмеді, даланың итін шақырдым, - келмеді. Сонда бұдан былай ит біткен қыра берермiн деп ант iшiп едiм». Ежен: «А, тентек шіркін, қазақтын мидай сары даласында жүріп айғайлаған даусынды біздің қаланың иті қайдан естiсiн» дептi. Бұған орай Асан бала: «Дат тақсыр, даладағы айғырдын даусын қаладағы бие естігенде кiсiнiң даусын ит естімеушi ме еді», - дейдi. Сөзден тосылған хан тоқталыпты. Қалаганыңды ал дейді балаға. Бала халқының бостандығын сұраған екен, Ежен хан: «Бар, бердiм қазақ деген жұртты, өзiңдi хан сайладым», - депті.»               Ұтымды айтылған бір ауыз сөздін кұдіретімен, карадан шыққан жас бала даналығының арқасында хандыққа жетедi. Асанның Қайғы атануы бұл күнделікті өмірдің күйбеңінен туған қайғы емес екендігі жайында біршама анықтама, мысалдармен жазылған. 

Қазақ əдебиетінің алғашқы өкілдері Шыңғыс ханға ұлы Жошының өлімін қобыз арқылы естірткен Кет-Бұға, Асан Қайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиіздер, Бұқар жыраулардың ақындық өнері және қай жерде, қай ханның тұсында, кім болды т.б. сол сияқты сұрақтарға мысалдармен, жыраулардың өздерінің өлең жолдарынан дәлел келтіре отырып тұжырым жасады. Көне жыраулық поэзияның өзіндік ерекшеліктерінің бірі өлең жолдарында алғашқы сөздердің, кейде тіпті сол алғашқы сөздердің басқы буындарының қайталануы екенін, ол нақыш эпоста кеңінен қолданылатынын анықтайды. Сонымен бірге жыраулар поэзиясының өзіндік ерекшеліктерінің тағы бір қыры жыр - толғаулардағы тармақтардың буын саны жағынан алғанда үнемі біркелкі болып отырмайтыны. 

Қазақтың көне поэзиясының антологиясын жарыққа шығара отырып нақты əдеби үлгілер мысалында ұлттық сөз өнерінің тарихын барынша тереңдету міндетінен туындайтын кемел жəне келелі істер де М.Мағауин тарапынан алғаш қолға алынды. Ең бастысы, жыраулар мұрасын талдау арқылы көркем шежіре халыққа Əз Жəнібек, Тəуекел, Абылай, Есімхан сынды хандардың, Бөгембай, Қабанбайдай батырларының ұлтқа ұйытқы, елге тұтқа болған тарихи тұлғаларын танытты. Əдебиеттанудағы осындай кемел зерттеу, іргелі жинақ барысында зерттеуші «жыраулар поэзиясы біздің ұлтымыздың, мəдениетіміздің тарихындағы айрықша бір құбылыс. Жыраулар поэзиясы ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы əлемдік дəрежедегі құбылыс деп айтар едім. Өйткені мұндай биік көркемдік, мұндай ой жүйесі, мұндай ақындық шеберлік, ақындық рухтың шалқуы өте сирек кездесетін құбылыс болып табылатынын дəлелдей отырып, қазақ рухына дарытты.

«Қобыз сарыны» 1970 жылы орыс тілінеде аударылды және ғылыми ортада да, халық арасында да жоғары бағаға ие болды. «Қобыз сарынының» артынан іле-шала ақын-жыраулардың мұрасын жинақталған «Алдаспан» антологиясын баспаға беруге дайындады. «Қобыз сарыны» қазақ рухын кайта көтерудің, мәңгілік ұлттық мүддені айғақтаудың тар замандағы өзгеше көрiнiсi болғаны анық. Мұны ешкім де теріске шығара алмайды. Қазақ руханиятындағы ұлтшылдық сарынның кайта тiрiлуi «Қобыз сарынынан» басталады.

Біз бұл еңбегімізде көне дәуірде өмір сүрген ақын-жыраулар творчествосын жан-жақты, әрі түбегейлі зерттеп тастадық демейміз. Болашақта Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған және ескіде жасаған басқа да ақын, жыраулардың жаңа шығармалары, олар жайында соңы, тың деректер табыла беретіндігі сөзсіз; ондаған диссертациялар, ондаған монографиялық еңбектер жазылуға тиіс. Бірақ алыс сапар қашан да алғашқы қадамнан басталмақ. Біздікі сол ниеттен туған талпыныс қана - дейді жазушы, қазақтың ауыз әдебиетін зерттеушісі ғалым М. Мағауин.

Ендігі кезекте қазақ әдебиетіне өз үнімен, өзге қолтаңбасымен келген Марат Мәжиттің «Соңғы нүкте» романын талдап көрсек. 

Құныскерей  1895 жылы қазіргі Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында Нөсер қыстағына таяу,  яғни осы арадағы  Кеңқоқты деген жерде кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Құныскерей батыр Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында қуғынға ұшыраған тарихи тұлға. 1928 жылғы байларды тәркілеу, мал-мүлкін тартып алу науқаны жүріп жатқан кезде бірінші болып қарсы шыққан өлкенің намысты ұлы Құныскерей болатын. Құныскерей құйтырқы саясатқа, қырғи қабақ адамдардың іс –қимылдарына қарсы болды. 1920-1933 жылдардағы қазақ шаруаларының «Адай көтерілісіне» белсене араласқан күрескер тұлға. Батырлығымен, асқан мергендігімен көзінің тірі кезінде аты аңызға айналған адам. Қазақстанның батыс өлкесінің қарапайым халқы Құныскерейді құрметтеп, үкімет әскерінен жасырып, азық-түлікпен, ат - көлікпен астыртын көмектесіп отырған. «Құныскерей – еліміздің батыс өңірінде есімі елге кеңінен мәшһүр, қызыл өкіметпен жан аяспай қидаласып, күллі ғұмырын қуғын-сүргінде өткізген трагедиялық тұлға. Ресми билік оны банды деп маңдайына қарғыс таңбасын жағып, ұрпақ санасынан батыр тұлғасын өшірмек болғанымен, оның асқақ рухы, аяулы есімі ауыздан-ауызға аңыз болып тараған»,- дейді жазушы Т.Сәукетаев. 

Романда Батыс өңіріне кеңінен танымал атышулы банды атанған Құныс керей Қожахмет баласының Түркімен еліндегі өмір жолы тарихи деректерге сүйене отырып, дәлме-дәл суреттеледі. Қым-қиғаш тартысқа құрылған шығарма сюжеті күрделі оқиғаларды тізбектеп, өлім мен өмір арасындағы қанды айқастарға әкеп соқтырған небір арпалыстарды сөз етеді. Романдағы Айбала Зәкирқызының қиын да, күрделі тағдыры шынайы шындықтан алынған, өмірде болған оқиға. Роман желісі тартымды, жеңіл оқылады, жазушы жергілікті жерді, оқиғаның шиеленіскен тұстарын ерекше сипаттайды. Айбаланың Құныскерейді іздеп барған қиын да, күрделі өмір жолы баяндалған. Екеуінің некелесуі, бір-біріне деген сүйіспеншілігін де көркемдеп жеткізген.

Айбаланың мына өлең жолдарынан Құныскерейге деген шартарапты шарлағандай зарлы үні естілгендей болды: 

                                              Мен өлейін, өлейін

                                              Отқа жағып тәнімді

                                              Өз қолыммен көмейін

                                              Ғашық жүрек жанымды.

                                              Ой, Құнекем-ай!

                                              Жаншы, тәнім, жана ғой.

                                              Бұл жалғанның мазағын

                                              Жалыныңа орап ала ғой.

                                              Ой, Құнекем-ай!

Құныскерейдің Айбалаға айтқан мына сөздерінен оның жан айқайын байқауға  болады: «Сені Алла тағала ерекшелеу қылып жаратқан екен, құдірет иесіне тағзым. Енді сол ерекшелікті сақтайық. Оны-мұныға көңіл аудара берме. Алланың өзі берген сыйын ғана қабыл ал да, басқасын күйеуіңе ығыстыр. Сенің мені іздеп келуің – көкірегімді тазартты, сүйіспеншілігімді арттырды. Дүниеге басқаша көзбен қарауға ниеттендім. Махаббат деген ежелгі сөздің мәні мен мағынасына зейін қойып, пердесін аша бастағандаймын. Осы бір қысқа мезгіл ішінде, мен жасарып, жайнап өрнекті де салиқалы ойдың иесі болуға талаптанғандаймын. Менің өні бойымдағы шұғыл өзгерісті, бірінші – Алла, екінші – сен енгіздің. Иә, солай, аруым! Мен жаңағы марқұмдар айтқандай қанішер боп туған жоқпын, маған мына жаңа заманның ағымына түбегейлі түсінбеген адамсымақтар қанішер деген айдар тақты. Мен анамнан банды боп туған жоқпын, шыбын жанымүшін арпалысып, өзімді де өзгені де қорғағым келді. Сол үшін банды атандым. Мен анамның құрсағынан жауыз боп туғаным жоқ.  Маған жауыз деген сөзді мына «Әділетті қоғам» үйретті. Мен жаңа қоғамның жаршысы, әрі жоқшысы болуға тырыса бастап-ем,  жауыздық өздерінен басталды.»

Түркімен еліне аңыз-әңгіме болған Айбала сұлу мазары  ауған беттегі қос қыраттың үстінде. Өзі қандай сұлу болса, ол туралы аңыз да сондай сұлу болған екен. Періште пенденің мазарын Құныскерей жалғыз өзі қырық күн салыпты деген сөз бар. Мазардың оң бетінен он бес-жиырма қадамдай қашықтықтан әуелі тіке құдық қазып, содан соң қабірмен қатынас үңгір жасап, өзі біраз уақыттан кейін Айбаланың жанына жатып көз жұмыпты. Ал құдықтың аузы қақпақты, түсіп анық-қанығына жетуге ешкімнің батылы бармапты-мыс деген де сөз бар...

Автор кітаптың соңында Құныскерей әкесінің әңгімесінен үзінді баяндаған. Әкесі Кәрім Мәжитұлының аса әңгімешіл, өмірден көргені мен бастан кешкендерін түйіндеп айта алатын болмысы биік, парасатты, балуан денелі, ғибратты жан болғаны жайлы және өз айтқандарын жадына тоқып қағазға түсірген. Бас кейіпкер Құныскерейдің өзі қаламгердің әкесі, қасиетті кісі Кәрім ақсақалдың нағашысы болып келеді. Соңғы аманат хатын осы жиеніне жазыпты. Кәрекең ол хатты қырық жыл құпия сақтап, жазушылық жолға түскен ұлына табыстаған. Сол кеңес кезінде әлі де баяғы «банды» атынан арылмаған халқымыздың бір боздағы Құныскерей нағашы атасы туралы жазуды  Марат Мәжитовтің әке өсиетіндей санауы да сондықтан болса керек. Осынау ұшы - қиыры жоқ том-том тарихи оқиғаларды шатастырмай,  ақиқатын аршып алып, көркем шығарма етіп қалың оқырманға ұсыну – оңай еңбек емес. Марат кішкентайынан осы жыр-аңыздардың ортасында жүзіп өсіп,  Құныскерей туралы естелік-әңгімелерді көкірегіне тоқи білген. 

Романда Құныскерейді өте салмақты, өзі біреуге жөнсіз иілмейтін, жөнсіз иілгенді жек көретін, бетің бар жүзің бар демейтін, тура айтып тастайтын тік мінезді етіп бейнелеген. Құныскерейдің қазақы кесек мінезі, ұлттық салт-дәстүрге құрметі, батырлығы, ерекше қабілеті жас ұрпақты тәрбиелеуде,  ұлттық  рухты  жаңғыртуда тәлімдік, тәрбиелік мәні мен маңызы зор деп ойлаймын. 

С.Мергенбай

Өскелең өрендер жазған ертегілер
«Ұлпан» туралы бір үзік ой
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу