Менің анам. Әбдіхалық Әбдірайымұлы
Менің анам – алтын адам - не деген,
Көп сұрағы: - Дәлелдейсің – е, немен...
Ал айтайын, тазартайын жолымды -
Орын берді өмір - деген кемеден!
Көп пенденің кемесінде ақау бар,
Әр кемені сынап - шыңдар әр тау лар...
Өмір – күрес, жыл – жолаушы, біз – қонақ,
Темір тірес, қасқырға жем аңқау нар.
-Ана, ана Сіз сәуледе, сыр серік,
-Ақын едің... Ақын болдым жыр еміп.
Өлең- деген екі өмірдің азығы
Ғашықпын мен күлше күнге гүл егіп!
-Құлыным деп «Батырлар жырын» сіңірдің,
Жүрегімнің төр тұсына жыр ілдің.
-Сімірдім ана...-сүріндім де жүгірдім-
Хан-халықтың көз көліне іліндім!
-Сәбит ақын... Сәбит сері – дейді ел
-Рахмет! Ақын емес, ей жүдер...
Атақта жоқ, шатақта жоқ, момынмын,
Мұқағали мұра, мінезім бар- Мейлі дер.
-Сіз қалайсыз... -Адалсыз ба ақ сүтке,
-Кеме қалай... ене қалай, айт бүкпе...
Жұмақ кілті аналардың аяғының астында
Ана сүті ақталмаса бақ күтпе!!!
Менің анам – алтын адам, думан күн,
Шайырлар тек жаралады нұрдан мың...
Қыз-келіншекті жақсы көрем... себебі –
Гүл Наурыздың сегізіне туғанмын...
Қыз-келіншекке өте ғашық бір жанмын!!!
Әбдіхалық Әбдірайымұлы