Сырбай Мәуленов: Қазалы хат

Oinet.kz 24-08-2020 734

В честь кого названа улица Мауленова? | | VOXPOPULI

Ақсақалды қария

Оқышы деп берді хат.

Қандай қызыл сиямен

Жазылыпты жаманат.

Оқталсам да неше рет

Өлдіге аузым бармады,

Қара көзім жасаурап

Қайғы оты лаулады.

Нарттай жүзім құбылып,

Жүрегім кетті дірілдеп.

Үн шығармай ішімнен

Оқи бердім күбірлеп.

Хатта нендей хабар бар

Қояды төзбей шал сүрап.

«Ұлың аман, ақсақал!»—

Дедім даусым қалтырап.

Жалғыз өзім жүргенде

Қиял болып серігім.

Айтатындай бір сөзді

Күбірлейді ерінім.

1944

Сырбай Мәуленов: Тосын
Абыл Тілеуұлы. Арғымақ атта сын болмас
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу