Сырбай Мәуленов: Қала берді қара көз

Oinet.kz 24-08-2020 772

В честь кого названа улица Мауленова? | | VOXPOPULI

Күлімкөзді Күнсұлу,

Көк көйлегі судырлап.

Бейне біздің қызыл ту,

Орамалын тұр бұлғап.

Жары үшін қам жейді,

Ойламайды өз басын.

Көңіліне келер деп,

Көрсетпейді көз жасын.

Жөней берді эшелон,

Сағым құсап бұлдырап.

Қала берді қара көз,

Орамалын бір бұлғап.


Мұзафар Әлімбаев: Балақай мен қалақай
Сырбай Мәуленов: Шаңқай түс
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу