Ақан Сері Қорамсаұлы. Достарыма
Жиырма бестен артық жас бар ма,
Ұйқыдан жаман қас бар ма?
Еріншектен жаман нас бар ма,
Ойлаңдаршы, ағалар,
Шын жарыңнан артық дос бар ма?
Шын жолдасың ондайда
Жауға сені тастар ма?
Айта салған бір сырым,
Бірге жүрген достарға.