Қалижан Бекхожин. Жер

Oinet.kz 22-07-2020 648

Қалижан Нұрғожаұлы Бекхожин — Уикипедия

Қалың қара толқындай,

Қалқиды бұлт қасымда.

Үн қосады жел тынбай,

Көктегі ұлан-асырға.

Мен де келем әндетіп,

Бірақ дүлей көкті емес.

Қиялымды өрлетіп,

Қиядан жер қақты елес.

Пропеллер зіркілдеп,

Жарды көктің бұлттарын.

Көк даусынан күштірек

Жердің үні — ұққаным.

Жұлдыздан да жап-жақын

Алтын жерім көрінді.

Сүйем отты сезіммен

Жердегі ұлы өмірді!

Көкке шығып айқайлап,

Көтерем жер атағын!

Жер үстінде тұр жайнап

Советтік зор Отаным!

Мейлің аспан түбіне

Темір топшы тарт, самға.

Туған жерді танимын,

Юпитерде тұрсам да!

Қалижан Бекхожин. Жыл келеді
Оралхан Бөкей. Қасқыр ұлыған түнде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу