Қасымхан Бегманов: Күреңбел

Oinet.kz 22-08-2020 710

Қасымхан Бегманов: Ұлтқа қызмет ету – өлең жазумен шектелмейді

Есiмде

Күреңбел қырлары,

Беймаза жылдарым зырлады.

Ол кезде бозбала ақын едiм,

Бiр сен деп төгiлген жырлары.

Есiмде

сүйдiң сен асылым,

Мен-дағы армансыз тасыдым.

Тағдырдың бейопа сыйы барын,

Нелiктен бiлмедiк ғашығым.

Есiмде

Күреңбел кештерi,

Таулардан самалдың ескенi.

Соңғы рет өзiңмен қоштасарда,

Бұлттардың күркiреп көшкенi.

Есiмде

Күреңбел көктемi,

Аңсатып құстардың жеткенi.

Қайтейiн қинайды жүрегiмдi,

Өмiрдiң өзiңсiз өткенi.


Ыбырай Алтынсарин. Өзен
Ыбырай Алтынсарин. Азған елдің хандары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу