Қасымхан Бегмановтың өмірбаяны

Oinet.kz 25-08-2020 1296

Қасымхан Бегманов – Қазақстан Жастар Одағы және халықаралық Алаш сыйлықтарының лауреаты, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының, Халықаралық жазушылар мен публицисттер қауымдастығының, Бас редакторлар клубының мүшесі және ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, Қасым Аманжоловтың 90 жылдығына орай өткізілген республикалық жыр мүшәйрасының бас жүлдегері, Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған халықаралық жыр мүшәйрасының бірінші орын иегері, Т.Айбергенов атындағы республикалық әдеби сыйлықтың лауреаты, Түркістан, Кентау қалаларының құрметті азаматы, Тәуелсіз халықаралық «Ильхам» сыйлығының, «Құрмет» орденінің иегері.

KMS_1803-2-900x_.jpg

Қасымхан Бегманов 1958 жылы қыркүйек айының 20-жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында дүниеге келген. 1975 жылы Түркістан қаласына қарасты Бабайқорған орта мектебін, 1980 жылы Қ.И.Сәтбаев атындағы политехникалық институтының машина жасау факультетін бітірді. Тұңғыш жыр кітабы «Бастау» деген атпен студент кезінде «Жалын» баспасынан шыққан. «Жазушы» баспасынан «Қарашық» (1990ж.), «Бесіктен бейітке дейін» (1997ж.), «Өлке» баспасынан «Сағыныш» (2000ж.), «Ол көктем оралмайды» (2006ж.), «Атамұра» баспасынан «Менің Түркістаным» (2008ж.), «Қайнар» баспасынан «Ақ жаңбырлар әуені» (2010ж.), және «Ұшпақ» баспасынан екі томдық таңдамалы кітаптары жарық көрген. Сонымен қатар «Дәстүр» баспасынан «Этногрофпен әңгіме» (бірінші басылым) (2010ж.), «Салты мықтының – халқы мықты» (екінші басылым)(2011ж.) «Өлке» баспасынан жарық көрді. «Мұстафа Шоқай жолымен атты екі томдық бірінші рет (2012ж.), мемлектті бағдарлама бойыншп екінші рет (2013ж.) көлемді тарихи-зерттеу еңбегі жарық көрді. «Мұстафа шоқай жолымен» атты төрт бөлімнен тұратын тарихи деректі фильмі еліміздегі орта мектептерде тарих пәніне қосымша электрондық оқулық ретінде бағдарламаға енген.

Елге кең тараған көптеген ән-өлеңдерінің авторы. Шығармашылық өмірбаяны ұлттық және қазақ әдебиеті энцеклопедияларында, топтама жырлары қазақ поэзиясының антологиясында жарық көрген. Ақын өлеңдері сондай-ақ орта мектеп оқулықтарының қазақ, өзбек тілдерінде шыққан хрестоматияларына енген.

Ақын қазіргі таңда республикалық ұлттық-этнографиялық «Дәстүр» журналының бас редакторы, әрі «Дәстүр» баспасының президенті әрі «Дәстүр» журналының құрылтайшысы болып табылады.

​Әбіш Кекілбаевтың өмірбаяны
Төлен Әбдіковтың өмірбаяны
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу